• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шәпкенов С.Ж.
Шәпкенов С.Ж.

Атырау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Облыс әкімі кёкусинкай каратэден Әлем чемпионатының жүлдегерлерін қабылдады

Атыраулық спортшылар кёкусинкай каратэден 12-18 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында өткен «World Championship of Kyokushin-kan karate» әлем чемпионатынан жеңіспен оралды. Жерлестеріміз 35 елден 700-ге жуық спортшы қатысқан байрақты бәсекеде 1 алтын, 3 күміс және 8 қола медаль жеңіп алды. Аймақ басшысы Серік Шәпкенов татами шеберлерін жеңісімен құттықтады.

- Әлемнің 700-ден аса спортшысы қатысқан спорт додасында сіздер үздік нәтиже көрсеттіңіздер. Алған белестеріңіз құтты болсын! Бір қараса спортпен шұғылдану оңай іс сияқты көрінеді. Алайда нәтижеге жету үшін оның артында темірдей тәртіп пен мақсатына деген адалдық тұр. Жаныңызды аямай каратені игеруге төккен еңбектеріңіз ақталып, үлкен жетістікке жеттіңіздер. Облыс абыройын жоғары дәрежеде қорғап келдіңіздер. Оған қатысқан әр спортшы алғашқы үштіктен көрініп, басты орындарды иеленді. Бұл тек сіздің ғана емес, бүкіл атыраулықтардың жеңісі. Еліміздің көк байрағын көкке желбіретер жеңісті күндеріңіз көп болсын!-деді С.Шәпкенов.

Облыстық кёкусинкай каратэ құрамасының аға жаттықтырушысы Таңат Нұрымов облыс әкіміне қолдауы үшін алғыс білдірді.

- Қазіргі уақытта бұл спорт түрі облыста қарқынды дамып келе жатыр. Спортшыларымыз мықты дайындығының нәтижесінде үздік көрсеткіштерге қол жеткізді. Осылайша облыстың мерейін асқақтатты. Әлі де дайындықты күшейтіп, талай медальдарды қанжығаға саламыз. Біз жеңіске жеткен уақытта жетістігімізге бірге қуанып, қолдау білдірген облыс басшылығына алғысымды білдіремін,-деді Т.Нұрымов.

Татамиде есе жібермеген спортшылардың арасында күміс жүлде иегері, 13 жасар Нұржан Елемес чемпионаттағы қиын да қызықты сәттерімен бөлісті.

- Бүгінгі қабылдау үшін алғыс білдіремін. Сайыс қиын өтті. Қарсыласымның дайындығы мықты болды. Үш кездесу өткізіп жеңсем де, финалда есе жібердім. Алайда бұл мен алар жеңістің соңы емес,-деді Н.Елемес.

Жиын соңында аймақ басшысы Серік Шәпкенов Атырау спортының дамуына қосқан үлесі үшін спортшыларға Алғыс хат табыс етті.

Анықтама үшін: 1989 жылы Атырауда кёкусинкай каратэден үйірме ашылды. Қазіргі уақытта қалада 900-ге жуық спортшы кёкусинкай каратэмен айналысады. Оларды 12 тренер жаттықтырады.

  • 04.01.2024
  • 261
Шәпкенов С.Ж.

Атырау облысының әкімі

Шәпкенов С.Ж.
(Мұрағат)

Атырау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика