• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шәпкенов С.Ж.
Шәпкенов С.Ж.

Атырау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Үшжақты комиссия отырысы өтті

Облыстық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Әлібек Семғалиевтің төрағалығымен, облыс әкімі Серік Шәпкеновтің қатысуымен әлеуметтік әріптестік және еңбек қатынастарын реттеу туралы үшжақты комиссия отырысы өтті.

Жиында «Теңізшевройл» ЖШС-нің мердігер компанияларынан қызметкерлердің босатылуы және оларды жұмысқа орналастыру, оқыту мәселесі туралы «Теңізшевройл» ЖШС Күрделі жобалар (ККЖ-ҰЕҚБЖ) жөніндегі директорының орынбасары Ербол Жұмағазиев баяндама жасады.

- Жобаның жалпы жұмыс барысы 99.1%, ал жүйелерді аяқтау жұмыстары 84.5% құрайды. Жалпы Келешек кеңею жобасы аясында биыл қараша айында 15 407 адам жұмыстан босатылса, оның 5 819-ы атыраулықтар. Ал жыл соңына дейін 741 (263 Атырау) адаммен келісімшарт аяқталады деп күтіліп отыр,-деді Е.Жұмағазиев.

Серік Шәпкенов бұл жобадан босатылған қызметкерлер туралы ақпараттық база қалыптастырудың маңызына тоқталды.

- Бүгінде бұл жоба аяқталып келеді. Осыған байланысты босатылған мамандар қайта оқытудан өтіп, басқа жұмысқа орналасып жатыр. Ол қызметкерлердің шамамен 40% - ы - Атырау облысының тұрғындары. Келешек кеңею жобасын іске асыру барысында «Теңізшевройл» компаниясы оларға ірі мердігер компанияларда белгілі бір жұмыс тәжірибесін алуға мүмкіндік берді. Сертификатталған оқытудан өтті, біліктілік пен практикалық дағдыларға ие болды. Қазір барлық босатылған қызметкердің деректерінен тізім жасап, база қалыптастыру маңызды. Оларды болашақ жобаларды іске асыруға, атап айтқанда, бутадиен және полипропилен шығаратын зауыттар салу жобасына тарту қажет,-деді С.Шәпкенов.

Әкімдікпен жасалған меморандум аясында қазіргі таңда «Қашаған газ өндіру зауыты құрылысы» жобасына 400-ден астам адам жұмысқа тартылды. Бұл туралы «GPC Investment» ЖШС -де жұмыспен қамту бағытында атқарылған жұмыстар туралы компания директоры Марат Ещанов мәлім етті.

- Құрылыс барысында жұмыс түрлері бойынша  жұмыс ауқымы кеңейеді. Бұл ретте мердігерлік және қосалқы мердігерлік компаниялар арқылы                       2000-нан астам адамды жұмысқа тарту жоспарланды. Бос жұмыс орындары туралы мәлімет «Enbek.kz» электрондық еңбек биржасы арқылы жарияланып отыр,-деді М.Ещанов.

Ал «Атырау облысы кәсіподақтар Орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі  төрағасының орынбасары Еділ Ұзақбайдың айтуынша, аймақта тіркелген кейбір заңды тұлғалар қызметкерлерді ұжымдық келісімшартынсыз жұмыспен қамтып отыр.

- Ірі компаниялардың мердігер/субмердігер серіктестерінде еңбек шиеленістерінің көбею фактілері орын алуда. Ұжымдық талаптардың мазмұны – еңбек ақыны көбейту. Жұмыс берушілер еңбекақы төлеу саласында жыл сайын жылдық жалақы төлеу Қорын бекіту кезінде қаржылық жағдайына сәйкес инфляцияның ең төменгі деңгейінен кем емес мөлшерде жалақыны индекстеуді көздейді, бұл мәселені жұмыскерлермен бірге кездесіп талқылайды деп келіскен болатын. Алайда кәзіргі танда бірде-бір кәсіпорын ондай жиындарды ұйымдастырған жоқ,-деді Е.Ұзақбай.

Серік Шәпкенов ұжымдық шарттар меншік нысанына қарамастан барлық компанияда қызметкер мен жұмыс беруші арасында жасалуы қажет екенін атап өтті. Шартта қызметкердің де, жұмыс берушінің де ортақ мүддесі көрсетілуі керек. Ал мемлекеттік органдар барлық қызметкердің, жұмыс берушінің мүддесін қорғауға міндетті.

Сонымен қатар облыс әкімі өңірдегі шетелдік компанияларда жұмыс істеген тәжірибелі қызметкерлерді шетелге жұмысқа жіберу керектігін қаперге берді.

- Уайымдаудың қажеті жоқ. Біздің мамандар өз тәжірибесін ірі жобаларда көрсете алады. Атырау облысының басшылығы Келешек кеңейту жобасына тартылған ТШО-ның ірі шетелдік мердігерлерімен кездесу өткізуді жоспарлап отыр. Кездесу барысында қазақстандық қызметкерлерді шетелге жұмысқа орналастыру мәселесі көтеріледі. Олар тек қара жұмыс істеп қана қоймай, кәсіби түрде өсуі керек. Ең бастысы, біздің мамандар білімі мен білігі, мамандығы мен тәжірибесі болса, әрдайым да еңбек нарығында сұранысқа ие болатынын, оларға жоғары ақы төленетін жұмыс ұсынылатынын түсінуі керек, – деп атап өтті облыс әкімі.

  • 04.01.2024
  • 271
Шәпкенов С.Ж.

Атырау облысының әкімі

Шәпкенов С.Ж.
(Мұрағат)

Атырау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика