• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шәпкенов С.Ж.
Құлсары қаласында 75 орындық аурухана ашылды

Жылыой ауданының орталығы Құлсары қаласында орналасқан жаңа ғимараттың ашылу салтанатына облыс әкімі Серік Шәпкенов қатысты, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев адамдарға сапалы медицина қолжетімді болу қажеттігін баса айтты. Құлсары қаласының тұрғындарына барлық жағдай жасау басты мәселелердің бірі. Осы аурухананың құрылысы үш жыл жүргізілді. Осы уақытқа дейін құлсарылықтар дәрігерден ем алу үшін қалаға баратын. Жол азабын жүрген білер, екі орта ауырған адамға қатынауға қиындық келтіреді. Ауруханының ашылуымен бұл қиындықтың бәрі ұмытылады деген сенімдемін. Құлсарының халқы қалаға барып, емделіп жүрмес үшін, аурухана заманауи құрал жабдықтың бәрімен қамтылды. Енді кадр мәселесі. Бұл жерге білікті дәрігерлерді тарту қажет. Облыста кадр тапшылығын азайту үшін қалалық медицина ұйымдарына 3 млн теңге, ауылдық жерге 5 млн теңгеге дейін бір реттік үстемеақы берілуде. Осы шаралардың арқасында кадр мәселесін шешіп жатырмыз. Бұл жұмыстар әрі қарай жалғасын табады. Адам өмірінен артық маңызды нәрсе жоқ. Сондықтан дәрігерлер халыққа сапалы қызмет көрсетеді деген сенімдемін. Жаңа ғимарат ел игілігіне жарасын!-деді С.Шәпкенов.

Жаңа ауруханада МРТ, цифрлық рентген, соңғы үлгідегі УЗИ аппараты, ота жасауға арналған лапороскопиялық қондырғы бар. Сондай-ақ барлық палата көпфункционалды кереуеттермен жарақталған.

Орталық аурухана ғимараты 55 орындық негізгі корпус, 10 орындық балалар бөлімшесі, 10 орындық инфекциялық бөлімшеден тұрады. Сонымен қатар асхана ғимараты, 3 автокөлікке арналған гараж, трансформаторлық қосалқы станция, бақылау-өткізу пункті, медициналық қалдықтарды кәдеге жарату ғимараты, қоқыс жинағыш, құрылысқа арналған дизельді электр станциялары, ауыз суга арналған резервуар, автотұрақ қарастырылған. Жаңа аурухана барлық санитарлық ережелер мен талаптарға сай, заманауи үлгіде салынған.

Орталық жаңа аурухананың құрылысы 2020 жылдың мамырында басталды. Аталған нысан «ТеңізШевройл» ЖШС-нің демеушілігімен «Игілік» бағдарламасы аясында салынды. Тапсырыс беруші - облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы.

  • 04.01.2024
  • 267
Шәпкенов С.Ж.
(Мұрағат)

Атырау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика