• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шәпкенов С.Ж.
Шәпкенов С.Ж.

Атырау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Жылыой ауданында 300 отбасы жаңа үйлерге көшіп жатыр

Аймақ басшысы Серік Шапкенов Жылыой ауданына жұмыс сапары барысында Құлсары қаласында (аудан орталығы) «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынған жаңа үйлерден пәтер алған тұрғындармен кездесті.

Серік Шапкенов аудан орталығындағы жаңа тұрғын үй алабына барып, үйлердің сапасымен танысты. Инфрақұрылым - ойын алаңдары, жаяу жүргіншілер жолы, аулаішілік асфальтталған жол және көлік тұрағы толығымен дайын.

– Бұл тұрғын үй кешені құрылысының сапасы мен мерзіміне қатысты сұрақтардың көп болуына байланысты жағдаймен жеке танысуды жөн көрдім. Жылыой ауданына жұмыс сапарымның бірінде тұрғындар құрылыстың ұзақ уақытқа созылғанына наразылық білдірген болатын, содан кейін құрылысты тезірек аяқтау үшін тиісті шаралар қолға алынды. Ал бүгін көптен күткен қоныс тойының куәсі болдық. Шаңырақтарыңыз жылылық мен жайлылыққа толып, берекелі болсын. Баршаңызды шын жүректен құттықтаймын! – деді Серік Шапкенов.

Тұрғын үй алабын аралаған С.Шапкенов аудан әкімі Жұмабек Қаражановқа пәтер иелері кооперативін құруды және
тұрғындарға құқықтық көмек көрсетіп, бейнебақылау камераларының санын көбейтуді тапсырды.

Жаңа тұрғын үйлер Құлсары қаласындағы «Атырау» ықшам ауданында орналасқан. Мұнда көп балалы отбасылар (кезекте тұрған) және халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан азаматтар пәтер алды. Олардың қатарында көп балалы ана Құралай Қоразова да бар. Үш бөлмелі жаңа пәтердің кілтін алған ол кезегін бес жыл күткенін айтты.

– Мен мұндай үлкен, жарық үш бөлмелі пәтерде тұрып көрген емеспін. Он жылдан бері үй жалдап жүрдік. Бес жыл кезекте тұрдым, қазір міне өз пәтерім бар. Мұнда барлық қажет жағдай жасалған. Осы игі іске себепкер болған азаматтарға алғысымыз шексіз, жергілікті атқарушы органдарға көрсеткен көмегі үшін алғыс айтамыз», – деп қуанышымен бөлісті Құралай Қоразова.

Айта кету керек, тұрғын үй кешенінің жалпы ауданы - шамамен 6,5 мың шаршы метр. Әр үйде бес кіреберіс және 100 пәтер – бір бөлмелі (25 пәтер), екі бөлмелі (50 пәтер) және үш бөлмелі (25 пәтер) бар.

Екі, үш бөлмелі пәтерлер 225 көпбалалы отбасыға, бір бөлмелі пәтерлер - ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 15 балаға берілді. Сондай-ақ, жаңа үйлерден I және II топтағы мүгедектер (13 пәтер), мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар (13 пәтер), зейнеткерлер (13 пәтер), созылмалы аурулары бар азаматтар (13 пәтер), толық емес отбасылар (13 пәтер), Ұлы Отан соғысының бір ардагері және әлемнің ыстық нүктелеріндегі жауынгерлік іс-қимылдардың екі ардагері тұрғын үй алды.

  • 04.01.2024
  • 287
Шәпкенов С.Ж.

Атырау облысының әкімі

Шәпкенов С.Ж.
(Мұрағат)

Атырау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика