• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сұлтанғазиев М.Е.
Сұлтанғазиев М.Е.

Алматы облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Облыста «Ауыл – ел бесігі» жобасымен тағы 27 елді мекен қамтылады

Алматы облысында «Ауыл – ел бесігі» жобасы шеңберінде 2020 жылы 24 елді мекен қамтылып, 13,7 млрд. теңгеге 50 жоба жүзеге асырылған еді. Ал биыл осындай 32 жоба 27 елді мекенде жүзеге асырылмақ. Мәселен, Кербұлақ ауданында осы жоба аясында 2 млрд. 75 млн. теңге бөлінген. Бұл қаржыға 9 жоба іске асырылады. Олар аудандағы елді мекендердің әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын дамытуға, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің халыққа қолжетімділігін қамтамасыз етуге, өмір сүру жағайдын жақсартуға ықпал етеді.

Ы.Алтынсарин, Дутов, Сарыбұлақ орта мектептеріне күрделі жөндеу, Сарыөзек, Қоғалы, Қарағаш ауылдарының ішкі жолдарына орташа жөндеу жасалып, Сарыөзек ауылдық округінің көшелері жарықтандырылған. Сонымен қатар күрделі жөндеу өткізілген Мәдениет үйі де күні кеше қайта іске қосылды. Нысанның ашылу шарасында аудан тұрғындарына онлайн режимде концерт ұсынылды, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Әбікен Сарыбаев атындағы бұл мәдениет үйінің күрделі жөндеуіне 2020 жылы «Ауыл – ел бесігі» жобасымен республикалық бюджеттен 320 млн. 337 мың теңге бөлінген. Ғимараттың қабырғалары, шатыры, электрмен қамту жүйесі қайта жаңғыртылды. Сондай-ақ облыс әкімінің қолдауымен облыстық және жергілікті бюджеттен бөлінген қаржыға өнер ордасының материалдық техникалық базасы жаңартылды. Көрермен залына жиһаз, заманауи музыкалық аппаратура, оргтехника, LED-экрандар мен құрылғылар сатып алынды.Қазіргі кезде Әбікен Сарыбаев атындағы мәдениет үйінде 16 адам, ал «Күреңбел» фольклорлық ән-би ансамблінде 13 адам жұмыс істейді. Жалпы аудандағы қызметкерлерінің саны - 51.

Еске салсақ, Алматы облысында "Ауыл - ел бесiгi" бойынша өткен жылы 50 жоба жүзеге асырылған. Соның нәтижесінде күніне жалпы саны 360 адам қабылдай алатын 2 дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынып, 20 км су жүйесі жөнделді, 70 км ауыл ішіндегі электрмен қамту желілері, 90 км ауылдың ішкі жолдары қалпына келтірілді, 4,4 км жылу жүйесі жүргізілді.  38 нысанда жұмыстар аяқталды, ал 12 нысанның құрылысы келесі биыл да жалғасады.  2021 жылы 27 елді мекенді қамтитын 32 жобаны іске асыру межеленген. 3 дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы бітіп, 10 елді мекеннің инженерлік жүйелері қалпына келтіріліп, құрылысы жүргізіледі. Сол сияқты білім саласында 3 жоба, мәдениетте – 4, денсаулық сақтауда – 1, жол жөндеуге қатысты 11 жоба іске асырылмақ.

  • 28.01.2021
  • 279
Сұлтанғазиев М.Е.

Алматы облысының әкімі

Сұлтанғазиев М.Е.
(Мұрағат)

Алматы облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика