• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шәпкенов С.Ж.
Шәпкенов С.Ж.

Атырау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Облыс әкімі Серік Шәпкенов Қатимолла Ризуановты мерейлі жасымен құттықтады

Бүгін аймақ басшысы Серік Шәпкенов «Парасат», «Құрмет» ордендерінің иегері, Атырау облысының Құрметті азаматы Қатимолла Ризуановты 85 жасымен құттықтады.

- Өнегелі өміріңіздің тағы бір қарлы шыңын халқыңыздың шынайы құрметі мен ыстық ықыласына бөленген бекзат қалпыңызда қарсы алып отырсыз. Мемлекет және қоғам қайраткері ретінде ғибратты ғұмырыңыздың басым бөлігін тәрбие ұйымдастыру-басқару, білім саласына арнадыңыз. Сол себепті шығар, кемел адам, кенен сөзді көшелі кісі, қоғам байлығы мен ұлт қазынасына айналған озық тұлға туралы сөз бола қалса, атыраулықтар Сіздің есіміңізді әрқашан құрметпен атайды. Биік болмысыңыз бен табандылық, ірілік, өрлік сияқты ізгі қасиетіңіз – соңыңыздан келе жатқан жас ұрпақ үшін әрқашан үлгі. Деніңізге зор саулық, шалқар шабыт, ұзақ ғұмыр тілеймін,-деді С.Шәпкенов.

Өз кезегінде Қатимолла Ризуанов жаңа жасымен құттықтап, лебізін білдіргендерге алғыс айтты.

- Бірлік пен сыйластықтың арқасында арамыздағы татулық жібі үзілмеді.Бірлігімізден айырмасын! Бүгінгі қабылдау үшін бек ризамын. Ардагерлер кеңесінің жұмысы жана берсін. Жалпы адамның кездескенже аман-саулық сұрап сәлемдесуі, оның бойынан көп нәрсені аңғартады. Болашаққа қол сілтеп, алға қойған жобаларыңыз оңынан болсын. Алға қойған мақсаттар орындала берсін. Сіздердің жұмысыңызды қадағалап, көріп-біліп отырамын. Еліміздің игілігі үшін атқарып жүрген қызметтеріңізге абырой тілеймін,-деді Қ.Ризуанов.

Қатимолла Ризуанов 1938 жылы 21 желтоқсанда Исатай ауданында дүниеге келген.

1963 жылдың басында партия мүшелігіне кандидаттыққа қабылданып, аудандық комсомол комитетінде жұмыс істеді.

1964 жылы облыстық комсомол комитетін бюро мүшесі ретінде ұйымдастыру бөлімін басқарған.

1971-1978 жылдар аралығында Гурьев облыстық партия комитетінің ұйымдастыру жұмыстары бөлімінің нұсқаушысы;

1978 жылы Индер аудандық партия комитетінің екінші хатшысы;

1988 жылы облыстық партия комитеті жанындағы партиялық бақылау комиссиясының төрағасы;

1990 жылы ұйымдастыру-партиялық жұмыстары бөлімінің меңгерушісі;

1992 жылы халық депутаттары облыстық Кеңесін басқарды.

1993 жылы Кеңестердің орнына құрылған облыстық Маслихат хатшысы;

1994 - 1999 жылдар аралығында Атырау облысы әкімінің орынбасары, ұлттық саясаты жөніндегі басқарма бастығы, Қазақстан халықтары кіші ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі қызметтерінде болды.

1999 жылы Атырауда Қазақстан Азаматтық партиясы облыстық ұйымының төрағасы;

2000 жылғы желтоқсаннан осы партияның Орталық Комитетінің бюро мүшесі. «Отан» партиясына қосылғаннан кейін зейнетке шықты.

2011 -2021 жылдар аралығында облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы қызметін атқарды.

  • 12.01.2024
  • 292
Шәпкенов С.Ж.

Атырау облысының әкімі

Шәпкенов С.Ж.
(Мұрағат)

Атырау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика