• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Нүкежанов Е.Б.
Нүкежанов Е.Б.

ҚР МАМ Дін істері комитетінің төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
«Нәтиже деңгейін арттыру қажет» - А.Балаева 2021 жылдағы АҚДМ жұмысы туралы

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі өткен жылды қорытындылап, ағымдағы жылдың жоспарын талқылады.

Бүгін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов қатысуымен Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы өтті. Отырыс онлайн-форматта бейнеконференц-байланыстарды қосу арқылы, сондай-ақ эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, барлық санитарлық нормаларға сәйкес өткізілді.

Алқа отырысқа Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің қызметкерлері, сондай-ақ саяси партиялардың, үкіметтік емес және діни ұйымдардың, этномәдени бірлестіктердің және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Ералы Тоғжанов өз сөзінде Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу жөніндегі республикалық жоспар аясындағы іс-шаралардың жоғары деңгейде өтуін қамтамасыз ету маңызды екенін атап өтті.
Алқа отырыс барысында спикерлер ақпарат және қоғамдық даму саласындағы бірқатар маңызды жобалар туралы айтты. Министрліктің қызметі туралы есеп беру баяндамаларымен: азаматтық қоғам саласында атқарылған жұмыстар туралы вице-министр - Болат Тлепов; ақпараттық жұмыс және медиа саланы дамыту туралы вице-министр - Кемелбек Ойшыбаев; жастар және отбасылық саясат саласында атқарылған жұмыстар жөнінде вице-министр - Асхат Оралов; сонымен қатар Дін істері комитетінің төрағасы Ержан Нүкежанов сөз алды.

Бұдан бөлек, азаматтық қоғам өкілдерінен негізгі спикерлер ретінде: Қазақстанның Азаматтық Альянсының президенті - Бану Нұрғазиева, «Atameken Business» бас директоры Қанат Сахариянов болды. Олар пандемия кезіндегі азаматтық қоғамды дамытудың өзекті мәселелері, ақпараттық саланың дамуы жөнінде өз ұсынастары мен пікірлерін айтып берді.

Министр Аида Балаева өз сөзінде 2020 жылғы негізгі нәтижелер мен Министрліктің 2021 жылға арналған міндеттерін атап өтті.
Оның айтуынша, 2020 жылы Министрлік қойылған барлық міндеттерді короновирустық пандемияға байланысты өзгертулерді ескере отырып толықтай жүзеге асырды.

Аида Балаеваның айтуынша, қоғамдық көңіл-күйді тұрақтандырудың шешуші факторларының бірі - жалған ақпаратты жедел теріске шығару және халықты stopfake.kz және coronavirus2020.kz сайттарында КВИ даму динамикасы мен ауқымы туралы үнемі хабардар ету болып отыр.

"Министрлік өткен жылы журналистердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау курсын, сондай-ақ салалық журналистиканы дамытуды бастады. Қазіргі уақытта бұл бастамалар жүзеге асырылып жатыр",- деді ол.

Министр мемлекеттік ақпараттық тапсырыстарды берудің жаңа ережелері, БАҚ туралы жаңа Заңды әзірлеу және телеарналарда отандық ақпараттық контент үлесінің артуы бойынша жүргізілген жұмыстарға бөлек тоқталып өтті. Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылы шетелдік контент 30%-ға қысқартылды.

«Ведомство құзыретіне қоғам өміріндегі бірнеше маңызды бағыттар қатысты , сондықтан біздің миссиямыз маңызды. Дегенмен, менің ойымша, биыл біз нәтижелікті арттырып, сәйкесінше, - деңгейді жоғары көтеруіміз керек» - деп атап өтті министр.

Сонымен қатар, Аида Балаева келесі аптада облыстарда онлайн режимде де, оффлайн режимде де ұйымдастырылатын Министрлік күндері басталатынын айтты. Осы іс-шаралар аясында барлық облыстардың тұрғындарын Министрлік жүргізіп жатқан жұмыстармен таныстыру жоспарлануда.

Ақпарат және қоғамдық даму министрі: «Біздің маңызды міндеттеріміз - мемлекеттің ақпараттық қауіпсіздігін және ақпараттық-идеологиялық жұмыстарды қамтамасыз ету», — деді.

Алқа қорытындысы бойынша, премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Министрлік басшылығына бірқатар тапсырмалар берді.  

  • 29.01.2021
  • 320
Нүкежанов Е.Б.

ҚР МАМ Дін істері комитетінің төрағасы

Нүкежанов Е.Б.
(Мұрағат)

ҚР МАМ Дін істері комитетінің төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика