• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Байханов А.
Байханов А.

Павлодар облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Серік Жұманғарин жұмыс сапарымен Павлодар облысына келді

Вице-премьер «Жайлау» әлеуметтік фермерлік базарына, Кемеңгер ауылындағы ауыл шаруашылығы дақылдарының жаңа сорттары мен будандарын шығару және тарату, сондай-ақ, агротехнологияны енгізу, өсімдік шаруашылығын әртараптандыру бойынша павлодарлық тәжірибелік станцияға барды. Жұмыс сапары аясында Серік Жұманғарин өңірдің ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілермен кездесіп, суару мәселелері бойынша жиналыс өткізіп, саладағы ағымдағы ахуалды талқылады.

Жиналыста Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов климаттық тәуекелдерді ескере отырып, өсімдік шаруашылығының табиғи құбылыстарға тәуелділігін барынша азайту міндеті тұрғанын атап өтті.
- 2023 жылы 3,3 мың га алқапта суару бойынша 6 жоба іске асырылды, тағы 6 жобаны іске асыру жалғастырылады. Біз суармалы жерлердің жалпы көлемін 175 мың гектарға дейін жеткізуді жоспарлап отырмыз. Суармалы жерлерді инвестициялық субсидиялау бағдарламасы бойынша біздің өңірге 2,4 млрд теңге бөлініп, игерілді. 81 бірлік шетелдік маркалы жаңбырлатып суаратын машиналар сатып алынды. 73,3 мың гектарда лиманды суаруды дамыту жұмыстары басталды, - деді облыс әкімі. Су ресурстары министрлігімен бірлесіп 2024-2030 жылдарға арналған суару жүйелерін кезең-кезеңмен қалпына келтіру бойынша кешенді жоспар әзірленді, 6 жыл ішінде облыстың барлық лиманды суару жүйелерін қайта жаңарту жоспарлануда.

Жиналыста ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі Амангалий Бердалин инвестициялық субсидиялаудың жаңа ережелері туралы айтты.
- 2023 жылғы 10 желтоқсаннан бастап суармалы жерлерде су алу және беру үшін инфрақұрылымды жүргізу кезінде фермерлердің ұңғымаларды бұрғылауға жұмсаған шығындарын өтеу үлесін 80%-ға дейін ұлғайту көзделген, - деп хабарлады вице-министр.

Серік Жұманғарин қолда бар ресурстарды үнемдеу және дұрыс бөлу өте маңызды екенін атап өтті. Бүгінгі таңда Қазақстанда су үнемдеу технологияларын өндіру бойынша жобаларды іске асыратын мүмкіндігі бар инвесторларды тарту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жиналысқа қатысушыларға осы бағыт бойынша инвестициялық жобалар пулы таныстырылды.

Талқылауды қорытындылай келе, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Серік Жұманғарин Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың су үнемдеу технологиялары қолданылатын аумақтарды жыл сайын 150 мың гектарға дейін ұлғайтуды тапсырғанын атап өтті. Осыған байланысты вице-премьер бірқатар тапсырмалар берді. Ауыл шаруашылығы министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, жергілікті бюджет есебінен су үнемдейтін технологияларды сатып алуға арналған шығындарды өтеу нормативін 80%-ға дейін ұлғайту бөлігінде инвестициялық субсидиялау қағидаларына өзгерістер енгізу мәселесін қарастыруды; Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне, «Бәйтерек ҰБХ» АҚ осы бағытта инвесторларды тарту үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз етуді; Су ресурстары және ирригация министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп фермерлерді суармалы сумен қамтамасыз ету үшін жоспарлы жұмыс жүргізуді және суарудың заманауи әдістерін енгізу үшін ынталандырушы шараларды қарастыруды тапсырды.

  • 29.01.2024
  • 185
Байханов А.

Павлодар облысының әкімі

Байханов А.
(Мұрағат)

Павлодар облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика