• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Балаева А.Ғ.
Балаева А.Ғ.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтті

28 қаңтарда Нұр-Сұлтан қаласында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның төрағалығымен Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтті.
Қашықтықтан форматында өткен отырысқа орталық мемлекеттік, жергілікті атқарушы және өкілді органдардың, үкіметтік емес және басқа да ұйымдардың өкілдері қатысты.
Отырыста ақпаратқа қол жеткізу саласындағы заңнаманың новеллалары таныстырылып, түсіндірілді.
Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылғы 30 желтоқсанда Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпарат мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңына қол қойды, ол «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» заңына бірқатар түзетулерді қамтиды.
«Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі ақпаратқа қол жеткізу саласындағы уәкілетті орган ретінде мемлекеттік органдардың заң талаптарын орындауына мониторинг жүргізу бойынша жүргізіліп жатқан жұмысты күшейтеді», - деп атап өтті Аида Балаева.
Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Болат Тлеповтың баяндамасында негізгі назар екі мәселеге аударылды. Бұл әрбір мемлекеттік органда ақпаратқа қол жеткізу мәселелері бойынша уәкілетті тұлғаны немесе бөлімшені айқындау, сондай-ақ жыл сайын Мемлекет басшысына ақпаратқа қол жеткізу саласының жай-күйі туралы есеп енгізу.
Министрлікпен ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, мемлекеттік органдардың жауапты қызметкерлері үшін семинарлар ұйымдастырылатыны атап өтілді.
Келесі баяндамада мәслихаттар қызметінің ашықтығы мәселесі қаралды.
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары мәслихаттарының сайттарын талдады. Нәтижелер сайтпен жұмыс істеудегі кемшіліктерді көрсетті.
Атырау облысының мәслихаты өзінің жеке интернет-ресурсы жоқ, Ақтөбе, Жамбыл, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарының мәслихаттары сайтта ақпаратты уақытылы жаңартпайды, 9 мәслихатта онлайн-трансляция жазбалары орналастырылмаған.
Пандемия және әлеуметтік алыстау жағдайында, ғаламтор ақпарат алудың негізгі көзіне айналған кезде, мемлекеттік органдардың сайттарындағы ақпаратты уақтылы жаңарту өте маңызды.
Ұлттық экономика министрлігінің өкілі Анар Байтукенова барлық деңгейдегі мәслихат отырыстарын міндетті онлайн-трансляциялауды енгізу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.
«2022 жылдың қаңтарына қарай отырыстардың онлайн-трансляциясын барлық мәслихаттарда енгізу жоспарланып отыр», - деп мәлімдеді Ұлттық экономика министрлігінің өкілі.
Айта кетейік, бұл жұмыс Президент Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 142-тармағы шеңберінде жүргізілуде.
Отырыс қорытындысы бойынша Комиссия мемлекеттік органдарға «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңға енгізілген өзгерістерді іске асыруға, сондай-ақ мәслихаттар қызметінің ашықтығын арттыруға бағытталған бірқатар ұсынымдар әзірледі. 

  • 01.02.2021
  • 301
Балаева А.Ғ.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрі

Балаева А.Ғ.
(Мұрағат)

ҚР Мәдениет және ақпарат министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика