• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Әбдіғалиұлы Берік
Әбдіғалиұлы Берік

Ұлытау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Мемлекет басшысы Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлын қабылдады

Президентке Ұлытау облысының былтырғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы есеп берілді. Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 14 пайызға өсіп, 210,1 миллиард теңгеге жетті.

Осы ретте жеке инвестицияның үлесі 90 пайызды құрады. Өткен жылы өңірде жалпы сомасы 10 миллиард теңге болатын 3 ірі жоба іске асырылды.

Берік Әбдіғалиұлының айтуынша, биыл кем дегенде 16 жобаны, оның ішінде өнеркәсіп және геология бағыттары бойынша 8, туризм және сауда салаларында 3, агроөнеркәсіп кешенінде 5 жобаны іске қосу жоспарланған. Нәтижесінде өңірде 700 жаңа жұмыс орны ашылады.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа биыл аграрлық салада құс фабрикасын, ет өңдеу кешенін салу, 3000 гектар аумақта картоп және көкөніс өсіретін фермерлік шаруашылықтарды іске қосу көзделіп отырғаны жөнінде мәлімет берілді.

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 2024-2025 жылдары 3600 орындық 6 мектеп салынады. Оның біреуі биыл Жезқазан қаласында пайдалануға берілмек.

Сонымен қатар Ұлытау облысының әкімі биыл іске қосылатын 10 спорт нысаны жайында баяндады.

Атап айтқанда, 320 адамға арналған бассейні бар көпфункционалды спорт кешені, Жезқазған қаласында «Қазақмыс» корпорациясының «Намыс» СК балалар мен жасөспірімдер спорт академиясы, Жезді және Жаңаарқа кенттерінде дене шынықтыру-сауықтыру кешендері, Қаражалда жабық бассейн, сондай-ақ ангар типті 5 ойын кешені салынады.

Кездесуде облыстағы жылыту маусымының және жылумен қамтамасыз ету жұмыстарының барысы туралы айтылды. Инфрақұрылымды одан әрі дамытуға байланысты 2029 жылы Жезқазған мен Сәтбаев қалаларында екінші жылу электр орталықтарының құрылысын жүргізу жоспарланып отыр. Бұл орталықтар жылу тапшылығы мәселесін шешуге тиіс. 

Мемлекет басшысына Жезқазған – Қызылорда және Жезқазған – Арқалық жолдарының құрылыс-монтаждау, сондай-ақ Үйтас-Айдос су құбырын реконструкциялау жұмыстары басталғаны жайында баяндалды.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев өңірді одан әрі дамыту және тұрғындардың әл-ауқатын жақсарту жөнінде бірқатар тапсырма берді.

  • 12.02.2024
  • 185
Әбдіғалиұлы Берік

Ұлытау облысының әкімі

Әбдіғалиұлы Берік
(Мұрағат)

Ұлытау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика