• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Байханов А.
Байханов А.

Павлодар облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Павлодар облысының Сычевка ауылында жаңа мектеп ашылды

Жаңа білім ордасы 1975 жылы салынған спорт залы, акт залы, асханасы жоқ бір қабатты апатты жағдайдағы ғимараттың орнына тұрғызылды. Заманауи үлгідегі 120 орындық мектептің салтанатты ашылу рәсіміне облыс әкімі Асайын Байханов, инвесторлар, ауыл тұрғындары қатысты. Өңір басшысы оқушыларға жақсы білім алып, үлкен жетістіктер мен табыстарға жетуге тілек білдірді. - Мемлекет басшысы «Еліміздің дамуы - жас ұрпаққа байланысты» деп атап өткен болатын. Біз оқу орындарының инфрақұрылымын жаңартуға көп көңіл бөлудеміз. Сычевка ауылындағы мектеп - бұл аймағымыздағы апатты жағдайдағы ескі ғимараттардың орнына салынған үшінші мектеп. Біз осы жылы да басқа елді мекендерде мектептер мен балабақшалар салуды жалғастырамыз. Бұл біздің балаларымыз үшін ауылда жайлы жағдай жасаудың тағы бір қадамы болмақ, - деп атап өтті Асайын Байханов. Сонымен қатар, облыс әкімі ERG тобының акционерлеріне де алғысын білдірді. Жаңа мектептің құрылысы ERG мен Павлодар облысының әкімдігі арасында жасалған меморандум аясында жүргізілді. Жобаға салынған инвестиция 1,08 млрд теңгені құрады. Ауданы – 1498 м2 құрайтын екі қабатты ғимарат заманауи жабдықтармен, STEM-зертханамен, IT, робототехника және 3D-модельдеу сыныптарымен жабдықталған, led-дисплейі бар мәжіліс залы, спорт залы, асхана және кітапхана бар. Цифрлық микроскоптар мен виртуалды-цифрлық зертхана сатып алынды. Сондай-ақ, мектепте «Еркетай» шағын орталығы мен мектепке дейінгі білім беру орталығы ашылды. Ауыл тұрғындары мектептің ашылу салтанатында көптеген жылы сөздерін айтты. Айтуларынша, жаңа мектеп - көптен күткен және қуанышты оқиға.

  • 19.02.2024
  • 196
Байханов А.

Павлодар облысының әкімі

Байханов А.
(Мұрағат)

Павлодар облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика