• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Байханов А.
Байханов А.

Павлодар облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Павлодар облысының әкімі Асайын Байхановтың облыстық Қоғамдық кеңес алдындағы есептік кездесуі өтті.

Өңір басшысы облыстың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларын баяндап, осы жылға арналған жоспарлармен бөлісті. Облыста барлық негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер бойынша оң динамикаға қол жеткізілді. 2023 жылы өңір экономикасына 965 миллиард теңге инвестиция тартылды - бұл 2022 жылмен салыстырғанда 26%-ға көп. Бұл ретте жеке салымдардың үлесі 90% немесе 854 млрд теңгені құрады. Инфрақұрылымдық мәселелерге ерекше назар аударылды. Негізгі жабдықтың 40 бірлігі жөнделіп, 73 шақырымнан астам жылумен жабдықтау желілері қайта жаңартылды. Екібастұз ЖЭО-дағы барлық 10 қазандық агрегат жөнделді, 11 км жаңа техникалық су құбырының құрылысы жүргізілді, 5,4 км магистральдық жылумен жабдықтау желілері қайта жаңартылды. Асайын Байханов тұрғындардың қажеттіліктеріне қатысты өзекті мәселелерге жекелей тоқталды. Өңір басшысы барлық әлеуметтік міндеттемелердің орындалуын атап өтіп, орташа жалақыдан төмен еңбекақы алатын қызметкерлердің табысын арттыру қажеттігіне назар аударды. Облыс әкімі бейінді басқармаға «Халықтың табысын арттыру бағдарламасы» кешенді жоспарының іске асырылуын бақылауға алуды тапсырды. Биылғы жылдың бюджеті әлеуметтік салаға бағдарланған: әлеуметтік салада 157 жобаны іске асыру жоспарланған. Облыс бюджетінің жалпы көлемі 537,9 млрд теңгені құрап, осы кезеңге 16,1%-ға артты. - Адамға бағдарлану - биылғы бюджеттің негізгі бағыты, - деп атап өтті өңір басшысы. Облыс әкімі маңызды және өзекті мәселелердің бірі ретінде тұрғын үймен қамтамасыз етуді деп атады. - Бұл еңбек және ресурстарды қажет ететін мәселе. Дегенмен, 2023 жылы жалпы ауданы екі мың шаршы метр болатын 14 көппәтерлі тұрғын үй салынды. Нәтижесінде біз кезекте тұрғандардың санын 1 611 адамға азайта алдық. Бұл соңғы алты-жеті жылдағы кезектің ең ауқымды қысқаруы және биыл тұрғын үй құрылысын ұлғайтуды жалғастырамыз, - деді облыс әкімі. Отырыс барысында экологиялық жағдайды жақсарту, газдандыру, көпір салу, туризмді дамыту мәселелерін көтерген жұмыс-сараптамалық топтардың басшылары сөз сөйледі. Кездесу қорытындысы бойынша Павлодар облысының Қоғамдық кеңес мүшелері Асайын Байхановтың 2023 жылы атқарған жұмысына оң баға берді. Қоғамдық кеңес облыс әкімінің есебін бірауыздан мақұлдады.

  • 20.02.2024
  • 194
Байханов А.

Павлодар облысының әкімі

Байханов А.
(Мұрағат)

Павлодар облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика