• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ұранхаев Н.Т.
Ұранхаев Н.Т.

Абай облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Тұрғындардың арыз-шағымдары үнемі назарымда

Семей қаласының тұрғындарының әлеуметтік желіде көтерген, яғни рұқсат етілмеген гараждарды, әлеуметтік, спорттық және қоғамдық орындарға кіруге шектеу қою туралы арыздары бойынша және білім, әлеуметтік орындарды араладым.

Бірінші нысан Жамақаев көшесіндегі қоғамдық кеңістік болды. Оның аумағында баскетбол алаңы мен демалыс орнын құру жоспарланып отыр. Қала әкімі Нұрбол Нұрсағатовпен бірге спорт алаңдарын орналастырудың оңтайлы аумағы анықталды.

Бегалин мен Челюскинцев көшелерінің қиылысындағы металл гараждардың орналасуымен де таныстым. Танысу барысында тұрғындардың бос уақытын өткізетін қоғамдық кеңістік жасау, сондай-ақ жастарға арналған аула клубын ашу идеясы ұсынылды.

Келесі Құзіреттілік орталығының (ҚБЖО) әкімшілік ғимаратында болдым. Орталық студенттері жаңа цифрлық жобаларды ойлап тауып, мобильді қосымшалар әзірлейді және жыл сайын WorldSkills чемпионатында жүлделі орындарға ие болады. Олар дауыстық командаларға жауап беретін «Ақылды үй» жобасын ұсынды. Өз кезегінде Студенттерге тәжірибелік сабақтардан өту орындарын ұсындым.

Бізге IT мамандар қажет, оларға дұрыс бағыт-бағдар беру керек. Мамандарға тек теориялық білім ғана емес, сонымен қатар практикалық тәжірибе үшін нақты мүмкіндіктер болуы тиіс. Ең бастысы, бізде адами капиталымыз және болашақ көшбасшыларымыз бар. Біз өз кезегімізде оларға көмектесеміз.

Өңірдегі ІТ саласының қарқынды дамуын ескере отырып, 2024 жылдың екінші жарты жылдығында Семей қаласы Затаевич көшесі 4 үй мекен-жайында орналасатын IT және робототехника жоғары колледжін ашу қарастырылған. Қазіргі таңда терезелерді жөндеу, электр қуаты және жылу жүйелері жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, жоспарға сәйкес ғимараттың шатыры мен қасбеттін жөндеу, оқу ғимаратының ішкі жөндеу жұмыстары, «ақылды жылыту мен жарықтандыруды» енгізу, сондай-ақ кеңістікті жобалау қарастырылған.

Арнайы аралау барысында орынбасарларым мен басқарма басшыларына барлық жұмыстарды мерзімінде аяқтау жөнінде тапсырма бердім.

  • 24.02.2024
  • 231
Ұранхаев Н.Т.

Абай облысының әкімі

Ұранхаев Н.Т.
(Мұрағат)

Абай облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика