- Блогтар
- Ұранхаев Н.Т.
Ұранхаев Н.Т.
Абай облысының әкімі
Қала тұрғындардың өтінішіне сәйкес жатақхананың жағдайын тексердім.
Келіп түскен өтініштерге сәйкес Уральская көшесі, 3 үй мекенжайында орналасқан жатақханаға бардым. Тұрғын үйдің жай-күйімен танысып, тұрғындардың жөндеу, санитария, коммуналдық қызметтер және МИБ (мүлік иелерінің бірлестігі) басқару нысанына көшуге қатысты ұсыныстарын тыңдадым.
Сонымен қатар, тұрғындар жақын маңдағы көшелерді асфальттау қажеттілігі туралы мәселені көтерді. Биылғы жоспарда осы жатақхана аумағында жөндеу жұмыстарын жүргізу көзделген.
Арнайы аралау барысында ПД, СЭС, Денсаулық сақтау басқармаларының өкілдері, учаскелік инспекторлар, Семей қаласының басшылығы қатысты. Тиісті органдарға мұқият тексеру жүргізуді және анықталған мәселелерді жою үшін қажетті шаралар қабылдауды тапсырдым.
- 24.02.2024
- 177