- Блогтар
- Ербол Қарашөкеев
Қасиетті Рамазан айының басталуымен баршаңызды құттықтаймын!
Құрметті жамбылдықтар!
Сіздерді қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтаймын!
Рамазан – он екі айдың сұлтаны, берекелі де кешірімі мол ай, рухани тұрғыдан жаңару кезеңі.
Бұл ай сабырлылық, мейірімділік, бауырмалдық секілді адамдық асыл қасиеттерге негізделген өзара сыйластық пен қайырымдылыққа жетелейді. Жұрт жақсылық жасауға тырысып, игі істер атқаруға амал етеді.
Ғасырлар бойы қалыптасқан таным-тарихымызбен өзектескен дәстүрлі дініміз ізгілікке, еліміз бен жерімізді сүюге, өзгелерді құрметтеуге негізделген.
Ендеше бірлік-ынтымағымыз нығайып, өзара түсіністігіміз артып, әрбіріміздің ортақ мақсат-мүдде жолында еліміз бен өңіріміздің дамуы үшін аянбай еңбек ете беруіміз маңызды.
Рамазан айында баршаңызға амандық, әр шаңыраққа құт-береке тілеймін!
Тұтқан оразаларыңыз, дұға-тілектеріңіз қабыл болсын!
- 11.03.2024
- 146