- Блогтар
- Ұранхаев Н.Т.
Ұранхаев Н.Т.
Абай облысының әкімі
Жол қызметтерінің жұмысын жеделдетуді тапсырдым
Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі облыстық комиссияның отырысы өтті. Жиында су тасқынының алдын алу мәселелер қаралды. Облыстағы қазіргі жағдайға қатысты басқарма басшылары, ТЖД, сондай-ақ аудан әкімдері баяндама жасады.
Төтенше жағдайлар департаментіне қала мен аудан әкімдерімен бірлесіп су тасқыны кезеңіне дайындық жұыстарын қатаң бақылауға алуды тапсырдым. Барлық қауіпті аумақтарды анықтап, су тасқынын алдын алу үшін нақты шаралар қабылдау қажет. Қызыл су басуы мүмкін елді мекендерді ғана емес, жалпы барлық аумақты және күре жолдардың бойын жол қызметтері бақылауда ұстау қажет.
Сондай-ақ, отырыс барысында жол қызметтерінің көпірлер мен су өткізгіштерді тазартуды тиісті деңгейде атқарылмағаны туралы айтылды. Бүгінде облыс көлемінде аталмыш нысандардың үштен бірі ғана тазартылған. Ақпан айындағы аязды ескере отырып, бұл жұмыстар наурыз айының басынан басталды. Сондықтан жол қызметтеріне жұмыстарды жеделдету тапсырдым. Сондай-ақ, отырыста Семей қаласы, Аягөз және Бородулиха аудандары әкімдерінің әлсіз жұмыстарын атап өттім.
- 11.03.2024
- 121