• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Байханов А.
Байханов А.

Павлодар облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Асайын Байханов жұмыс сапарымен Екібастұз қаласында болды

Сапар барысында облыс әкімі «Шахтер» стадионына - «Екібастұз» футбол клубының аренасына барды. Онда мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ету үшін трибуналарды қайта жаңарту жоспарланған. Жұмыстарды жазда жүргізу жоспарлануда. Одан кейін облыс әкімі «Жасыбай» балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде футболмен айналысатын қыздардың ата-аналарымен кездесті. Әйелдер футболын дамыту мәселелерімен ата-аналар қауымы өңір басшысына әлеуметтік желілер арқылы хат жазып, жүгінген болатын. Кездесу қорытындысы бойынша Асайын Байханов спорт басқармасына қала әкімдігімен бірлесіп команданы демеушілік қолдау мәселесін пысықтауды тапсырды. Әрі қарай Асайын Байханов Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша кеншілер қаласында салынып жатқан балалар шығармашылық сарайының құрылыс барысын тексерді. Бұл оқушылардың бос уақытын, шығармашылық және интеллектуалды дамуының IT-орталығы болады. Жоба бойынша жалпы ауданы 7200 м2 болатын 4 қабатты ғимараттың құрылысы қарастырылған. Қазіргі уақытта ғимараттың іргетасы құйылып, жертөле қабаты салынуда және бағаналардың металл құрылымдары орнатылуда. Облыс әкімі барлық жұмыстарды жобаға сәйкес, сапалы және уақытылы орындауды тапсырды. Сондай-ақ, өңір басшысы ЖМ-7/1 жылу магистралінің құрылысын тексерді, қазір Қонаев көшесі арқылы өтетін өткелді бетондау жұмыстары жүргізілуде. Жерасты жұмыстары 100%-ға орындалды, ал, жер үсті бөлігіндегі магистральдың 600 метрінде жұмыстар жүргізілуде. Әкім техникалық судың магистральдық құбырын салу барысымен танысты, бұл Екібастұз ЖЭО-на техникалық суды үздіксіз беруге мүмкіндік береді. Осы нысан бойынша барлық құрылыс-монтаж жұмыстары орындалды. 12 км құбыр толығымен салынып, 24 құдық орнатылды. Құбырды іске қосу жылу беру маусымы аяқталғаннан кейін орындалатын болады. Сапар соңында Асайын Байханов Екібастұз ЖЭО-дағы су жылыту қазандықтарының цехына барып, Екібастұз қаласында жылу беру маусымын өткізу мәселелері бойынша жиналыс өткізді. Биыл ауқымды жұмыстар жүргізілді - 4 жылу магистралі қайта жаңартылды, ЕЖЭО-ның барлық 10 қазандық агрегаты жөнделді, көпқабатты тұрғын үйлердің үйішілік желілері дайындалды. Жылу беру маусымы штаттық режимде өтуде. Сонымен қатар, алдағы жылу беру маусымдарының үздіксіз өтуін қамтамасыз ету үшін биыл да ЕЖЭО жабдықтарын, сондай-ақ, қаланың жылу магистральдарын жаңғыртуды жалғастыру қажет. «Екібастұзжылуэнерго» ЖШС-на Екібастұз әкімдігімен бірлесіп, 2024 жылғы 10 наурызға дейін кеншілер қаласын жылумен жабдықтау жүйесін одан әрі қайта жаңарту жөніндегі алдағы 2 жылға арналған жұмыс жоспарын ұсыну тапсырылды.

  • 14.03.2024
  • 252
Байханов А.

Павлодар облысының әкімі

Байханов А.
(Мұрағат)

Павлодар облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика