• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ербол Қарашөкеев
Ербол Қарашөкеев

Жамбыл облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Ербол Қарашөкеев Жамбыл ауданы тұрғындарының мәселелерін тыңдады

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Жамбыл ауданының тұрғындарымен кездесті. Мемлекет басшысының «Барлық деңгейдегі әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес өткен кездесуде жергілікті тұрғындар түрлі өзекті мәселелерді көтеріп, жауаптар алды.

Басқосуда аймақ басшысы облыстың даму көрсеткіштеріне және алдағы жоспарларға қысқаша тоқталып өтті.

- Бүгінде өңірде 164 мың гектар жайылым жер жетіспеушілігі байқалады. 2019-2023 жылдар аралығында босалқы жерлер санатындағы 397,0 мың гектар жайылым жерлер ауылдық округтерге бекітіліп берілді.

Нәтижесінде, елді мекендегі жайылым жерлер 363,5 мың гектардан 741 мың гектарға ұлғайды,-деді облыс әкімі.

Өткен жылы игерілмеген және заң талаптарын бұза отырып, пайдаланып келген 201 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды.

Ағымдағы жылы 80 мың гектар жерді қайтару жоспарлануда. 2025 жылға облыс бойынша жетіспейтін 164 мың гектар жайылым жер тапшылығы толығымен шешілетін болады.

Сондай-ақ, облыс әкімі инвестиция тартуға, сол арқылы жаңа жұмыс орындарын ашуға, ауыл жастарын жергілікті жерде тұрақтандыру үшін жағдай жасаудың маңыздылығын баса айтты. Өңірдің әлеуетін тиімді пайдалана отырып, инвестиция көлемін арттыру арқылы тұрғындарды табыспен қамтуға, қымбатшылық мәселесін шешуге мүмкіндік беретінін жеткізді.

Бұдан бөлек, ауыл шаруашылығы саласында санақ жүретінін, нақты ақпаратқа қол жеткізу арқылы ғана нәтиже болатынын атап өтті.

- Біз статистикалық ақпараттарды нақтылауға тиіспіз. Сонда ғана жоспарымызды жүйелеп, шынайы көрсеткіштер мен нақты нәтижеге жете аламыз,-деді аймақ басшысы.

Сонымен қатар, биылға тұрғын үй кезегіндегі әлеуметтік осал топтарды арендалық тұрғын үймен (пәтер сатып алу) қамту жоспары артып,  1800-ден аса пәтер беру көзделіп отыр.

Бұдан соң аудан әкімі Ерлан Қыдырәліұлы атқарылып жатқан жұмыстар туралы есеп беріп, жоспарлы жобалар жөнінде хабарлады.

Өз кезегінде тұрғындар да түрлі мәселелерді көтеріп, ұсыныстарын білдірді. Атап айтсақ, негізінен олар инво-такси, ерекше балаларды қолдау, орталық аурухананы реттеу, ауылдарда жарықтың жиі өшуі, қоқыстарды тазалау, Аса-Тараз арасындағы қоғамдық көлік қызметін жандандыру, балалардың қауіпсіздігіне қатысты көптеген өтініштерін жеткізді.

Облыс әкімі барлық сұрақтар назар алынатынын атап өтіп, кейбір мәселелелерді уақыт созбай шешу үшін тиісті басқарма және аудан басшылығына нақты міндеттер жүктеді.

Кездесуден соң Ербол Қарашөкеев бірқатар аудан тұрғындарын жеке қабылдады.

  • 30.03.2024
  • 190
Ербол Қарашөкеев

Жамбыл облысының әкімі

Ербол Қарашөкеев
(Мұрағат)

Жамбыл облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика