• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ербол Қарашөкеев
Ербол Қарашөкеев

Жамбыл облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Жамбыл облысында су тасқыны қаупі бар аумақтарда тәулік бойы кезекшіліктер ұйымдастырылуда

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев су тасқыны қаупінің алдын алу және жою мәселелері бойынша кеңес өткізді.

Басқосу барысында ТЖД және салалық басқармалардың, Тараз қаласы мен аудан әкімдерінің есептері тыңдалып, оларға нақты тапсырмалар берілді.

Аймақ басшысы су тасқынына қарсы барлық іс-шараларды үйлестіру мен сапалы іске асыруды қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті.

- Мемлекет басшысы су тасқынына қарсы жұмыстарды күшейту және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша тиісті міндеттер жүктеді. Біз нақты іс - қимыл жоспарына дайын болып, кез келген қауіп-қатерге жедел әрекет етуіміз керек, - деп атап өтті Ербол Қарашөкеев.

Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Арман Тоқанов су тасқыны жағдайын бақылау бойынша тәулік бойы кезекшіліктер ұйымдастырылып, су қоймаларының толу дейгейіне үздіксіз мониторинг жүргізіліп жатқанын хабарлады. Оның айтуынша, халықты қабылдауға арналған 396 пункті дайындалған.

Жағдайға жедел ден қою мақсатында 1459 адам, 364 бірлік техника, 135 су айдау құралы, 19 жүзу құралын қамтитын арнайы топтар құрылған.

Ербол Қарашөкеев жағдайды бақылауда ұстауды, су тасқыны қаупі бар учаскелерде қажетті резервтер мен мобильді топтарды қалыптастыруды, техниканың дайындығын тексеруді талап етті.

Сондай-ақ, облыс әкімі Тараз қаласының басшылығына облыс орталығындағы және тұрғын алқаптардағы барлық каналдар мен арықтардың тазалығын қамтамасыз етуді тапсырды.

Кеңес барысында облыс орталығы мен аудан әкімдерінен жауаптар алынып, «Қазсушар» РМК өңірлік филиалының бас инженері Ербол Әбдірахмановтың су қоймаларының жай-күйі туралы есебі тыңдалды.

- Басты мақсат – адамдардың қауіпсіздігі. Аудан әкімдері мен басқарма басшылары су қоймаларының, су нысандарының жай-күйін және су тасқынына дайындығын жеке өздері барып көріп, тексеруі тиіс. Қатардағы маманды жіберіп, қағазда бәрі жақсы деп жазып берген жауап қабылданбайды. Нақты, шынайы жағдайды анықтап, соған сәйкес тиімді шаралар қабылдануы керек. Жалған ақпарат бергендердің жауапкершілігі қаралатын болады, - деді облыс әкімі.

  • 01.04.2024
  • 171
Ербол Қарашөкеев

Жамбыл облысының әкімі

Ербол Қарашөкеев
(Мұрағат)

Жамбыл облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика