• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ербол Қарашөкеев
Ербол Қарашөкеев

Жамбыл облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Ербол Қарашөкеев су каналдары мен егістік алқаптардағы жұмыстарды тексерді

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Байзақ, Жамбыл аудандарындағы көктемгі дала жұмыстары мен су каналдарының жай-күйін тексерді.

Облыс әкімі алдымен Байзақ ауданындағы «Сеңкібай», «Өтеміс» каналдарына барып, бетондау жұмыстарын биыл аяқтау бойынша нақты тапсырма берді.

Жауаптылар вегетациялық кезең аяқталғанда бірден іске кірісіп, жұмыстарды жыл соңына дейін аяқтауға уәде берді.

Бұдаң соң Ербол Қарашөкеев қант қызылшасы алқабына барды. «Адлер» шаруа қожалығы 20 жылға жуық егістікпен айналысып келеді. Өткен жылы 16 гектар аумаққа қант қызылшасын егіп, оның 1400-ден аса тоннасын қант зауытына өткізген. Шаруа қожалық тамшылатып суару технологиясын тиімді пайлануда.

 

- Егін шаруашылығында тамшылатып суару технологиясын енгізу көлемін ұлғайту қажет. Бұл суды үнемдеуге айтарлықтай үлес қосады. Аймақта тамшылатып суару жүйелерін шығаратын зауыт іске қосылады. Зауыт өндірген жүйелерді өз шаруаларымыз жұмыс тәжірибесіне енгізуі маңызды,- деді Ербол Қарашөкеев.

 

Сондай-ақ, аймақ басшысы өнімді терең өңдеу, шағын концерві зауыттар салу бойынша жан-жақты жұмыстар жүргізуді тапсырды. «Байназаров» шаруа қожалығы пияз алқабынан бөлек бидай, арпа, жүгері, көкөніс, қант қызылшасы және көпжылдық шөп егуге көңіл бөлген. Көктемгі дала жұмыстарын жүргізу үшін қожалықта 2 трактор, 1 комбайн және 5 дана тіркеме жұмыс істеуде. Сондай-ақ, алқап басында облыс әкіміне ауданның көктемгі дала жұмыстарының барысы туралы баяндалды.

Жамбыл ауданында да көктемгі дала жұмыстары қарқынды жүруде. «AznurAgro» АШӨК-де жұмыстарға білек сыбана кірісіп, 150 гектарға қант қызылшасын, 30 гектарға жүгері, 35 гектар арпа және 35 гектарға арпа дақылын еккен.

Сондай-ақ өндірістік коператив 400 басқа арналған тауарлы сүт фермасын желтоқсан айында ашуды көздеп отыр. Ферманың жобалық құны 1,8 млрд теңгені құраса, оған «Тараз» ӘКК-да қаржылық қолдау көрсетеді. Жобада шетелдік тәжірибе қолданылып, сиырлар Европадан жеткізіледі.  

- Жобаның маңыздылығы жоғары. Тауарлы сүт фермаларының қатарын арттыруға күш салуға тиіспіз. Ол үшін мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау түрлері бар, — деген облыс әкімі ферманың белгіленген мерзімде ашылуын тапсырды.

Сонымен қатар, облыс әкімі «Қызыл-Дихан қожалығы» өндірістік кооперативінің егістікке енгізіп жатқан жаңбырлатып суару технологиясымен танысты. Суармалы алқаптарда су үнемдеу технологияларын көптеп енгізу үшін, электр энергиясы мәселесін жүйелі түрде шешу қажеттігіне назар аудартты.

Бұдан соң Ербол Қарашөкеев Жамбыл ауданындағы  «Рахат» каналының жұмысымен де танысты. Жалпы айта кетсек, облыс бойынша қазіргі таңда көктемгі дала жұмыстарына қажетті 44,8 мың тонна тұқым 100 пайыз дайындалған. Бүгінде 7 506  дана техника егіс алаңдарында жұмыс атқаруда. Көктемгі дала жұмыстарын жүргізу үшін 10,8 мың тонна дизель отыны бөлінген.

 

  • 15.04.2024
  • 179
Ербол Қарашөкеев

Жамбыл облысының әкімі

Ербол Қарашөкеев
(Мұрағат)

Жамбыл облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика