• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ербол Қарашөкеев
Ербол Қарашөкеев

Жамбыл облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Аудан әкімдері құрылыстың басы-қасында жүруі тиіс – Ербол Қарашөкеев

Аудан әкімдері құрылыстың басы-қасында жүріп, жұмыстардың сапасы мен мерзімін тұрақты бақылауда ұстауы тиіс. Елді мекендерді ауыз сумен қамту мәселесі қаралған аппараттық кеңесте Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев осылай деді.

Жиында облыс әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібек баяндама жасап, ауыз су жүйелерінің құрылысы бойынша жобалардың іске асырылу барысын баяндады. 

Өткен жылы облыста 13,6 млрд теңгені құрайтын 47 жоба жүзеге асып, халықты сапалы ауыз сумен қамту көрсеткіші ауылдық елді мекендерде 94,9 пайызды, қалаларда 97,5 пайызды құрады.

Биыл облыс тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында 43 жоба жүзеге асырылады. Нәтижесінде ауылдық елді мекендерді ауыз сумен қамту үлесі 98,1 пайызға, (қалаларда 98,8%) жетеді деп күтілуде.

Ербол Қарашөкеев бірер жылдан бері ауыз су құрылысы аяқталмаған бірқатар жобаларды атап өтіп, жауаптылардың бұл бағыттағы жұмыстарын сынға алды.

Мәселен, Байзақ ауданындағы Қосақ және Аққия ауылдарында ауыз су құрылысы ұзаққа созылып, тұрғындардың наразылығын тудырған. Ал, Жамбыл ауданында сумен қамтамасыз етудің төмен деңгейі қалыптасқан.

Мойынқұм ауданына қарасты елді мекендерде ауыз су мәселесі өзектілігін жоймай отыр. Мәселен, аталған ауданға қарасты Ақсүйек, Хантау ауылдарында өткен жылы басталған ауыз су жүйесінің құрылысы мен жаңғырту жұмыстары әлі күнге дейін аяқталмаған. Шу, Т. Рысқұлов аудандарында да бірқатар елді мекендерде су тарту жұмыстары белгіленген мерзімнен кешігіп отыр.

- Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2025 жылға дейін халықты 100 пайыз ауыз сумен қамтамасыз ету қажетпіз. Бұл бағыттағы жұмыстар тиянақты орындалуға тиіс.  Барлық жауапкершілікті мердігерлерге итермей, олардың жұмысын өздеріңіз бақылауға алыңыздар. Әр аудан басшысы құрылыстың басы-қасында болып, сапасын тұрақты қадағалауы қажет. Мердігерлер өз жауапкершілігін ұмытпағаны жөн, – деді облыс әкімі.

Ербол Қарашөкеев жауаптыларға бұл бағыттағы жұмыстарды жүйелеуді, құрылысты тұралатқан мердігер компанияларға заң аясында шаралар қабылдау қажеттігін тапсырды.

Сондай-ақ, басқосу барысында су тасқынының алдын алу мәселелері де талқыланды.

Аймақ басшысы жауаптыларға ауа-райының кез келген жағдайына дайын болу керектігін ескертті.

  • 24.04.2024
  • 149
Ербол Қарашөкеев

Жамбыл облысының әкімі

Ербол Қарашөкеев
(Мұрағат)

Жамбыл облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика