• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шәпкенов С.Ж.
Шәпкенов С.Ж.

Атырау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов Қызылқоға ауданының тұрғындарын онлайн қабылдады

«Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов Қызылқоға ауданының тұрғындарын жеке сұрақтары бойынша онлайн қабылдады»,- деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

Тұрғындардың көтерген сауалдары тұрғын үй мәселесі, газ тарту, балабақша мен спорт кешенін салу, Ойыл өзенінің көзін ашу бағытында болды.

«Судың адам өміріне маңызы зор екені, оның ластануы денсаулыққа қауіпті болатыны белгілі. Осы тұрғыда Ойыл өзені суының тартылуы тұрғындардың түйінді мәселесіне айналып отыр. Қазіргі судың жойылуына әкеліп отырған 38 бөгет бар. Осы бөгеттерді алып, қамыстарды жоймаса, болмайды. Осыған облыс деңгейінде үлкен көмек керек»,-деді аудан тұрғыны Дүйсенбай Нұров.

«Бұл күрделі мәселе, аталған жағдайға ғалымтарды араластыруымыз керек, өйткені мұның артында табиғат тұр. Сондықтан, қазір тиісті салаларға тапсырма беремін, қажеттілік туындап жатса министрлікпен ақылдасып, шешімін табуға тырысамыз»,- деді Махамбет Досмұхамбетов.

Сондай-ақ, қызылқоғалық Нұржамал Бисенғалиева Жасқайрат ауылына жаңа үлгідегі балабақаша керек екенін жеткізді. Өйткені, мұндағы балабақша 1975 жылы салынғанын, қазіргі таңда заманауи талапқа сай келмейтінін және 65 бала тәрбиелеп отырған балабақшаға 40 астам бала кезекте тұрғанын мәлім етті. Сонымен қатар, газ құбыры мен спорт кешенін салуды өтінген мәселелерге аймақ басшысы жобалар жасақталып, тиісті құжаттар сараптамадан өтуде екендігін айтты.

Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов тиісті сала басшыларына халықтың көтеріп отырған мәселелерін мүмкіндігінше тез шешіп, салынуға тиісті нысандардың сапалы болуын ескертті.

 

  • 09.02.2021
  • 296
Шәпкенов С.Ж.

Атырау облысының әкімі

Шәпкенов С.Ж.
(Мұрағат)

Атырау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика