- Блогтар
- Исабаев Б.Ө.
Исабаев Б.Ө.
Жетісу облысының әкімі
Кезекті рет азаматтар үшін жеке қабылдау өткіздім
Азаматтар үшін кезекті рет жеке қабылдау өткіздім. Қабылдауға кірген тұрғындар негізінен тұрғын үй және жер мәселелерін көтерді. Олардың ішінде Талдықорған қаласының, Сарқан және Алакөл ауданының азаматтары бар.
Мәселен, Сарқандық Шора Каниева өз отбасына берілген жер пайларына байланысты жеке шаруа қожалығымен арасында туындаған даулы мәселені шешуге көмек сұрайды. Бұл ретте жер телімдерінің құжаттық рәсімделуінің және басқа да заңдылықтарын зерделеуді тиісті атқарушы және құқық қорғау органдарына және облыс прокуратурасына тапсырма бердім.
Ал тұрғын үй кезегінің жылжу ретін, «Отбасы банк» арқылы баспаналы болу жайын, тұрғын үйді жекешелендіру мәселелері бойынша жүгінген азаматтарға заң аясында түсіндірулер жүргізілді.
- 25.04.2024
- 157