• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ербол Қарашөкеев
Ербол Қарашөкеев

Жамбыл облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Жамбыл облысында Ғылым және технологиялар жөніндегі өңірлік кеңес құрылады

Бұл туралы Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев ҚР Президентінің жанындағы «ҚР Ұлттық Ғылым академиясы» КЕАҚ басқарма президенті Ақылбек Күрішбаевтың қатысуымен Тараздағы «Қуатты өңірлік ғылым – қуатты өңір» атты академия Президиумының көшпелі отырысында сөйлеген сөзінде айтты. Іс-шара М.Х.Дулати атандағы Тараз өңірлік университетінде ұйымдастырылды.
Отырысқа ауыл шаруашылығы, ғылым және жоғары білім, су ресурстары және ирригация, экология және табиғи ресурстар вице-министрлері, Парламент палаталарының депутаттары, «ҰАҒБО» КеАҚ, «Атамекен» ҰКП, «Ғылым қоры» АҚ, ЖОО және ҒЗИ, өңірлік бизнес субъектілерінің басшылары қатысты.
Қазақстанның өңірлік ғылым жүйесінде ғалым-зерттеушілердің 35 пайызы ғана жұмыс істейді. Нәтижесінде ғылыми зерттеулерді қаржыландырудың басым бөлігі Алматы мен Астанаға тиесілі. Сондай-ақ, жергілікті бюджеттерден ғылымды қаржыландыру көлемі өте төмен, оның үлесі 2023 жылы ғылыми зерттеулерге жұмсалған жалпы шығындардың 0,4 пайызын ғана құрайды. 10 өңірде бұл мақсаттарға жергілікті бюджеттерден қаражат мүлдем бөлінбеген.
Сонымен қатар, өңірлерде білім тарату жүйесі іс жүзінде жоқ, ғылым нақты сектордың проблемаларынан, ал бизнес ғалымдардың мүмкіндіктерінен хабарсыз.
Осы факторлардың барлығы жергілікті жерде инновацияның дамуына кедергісін келтіреді. Осыған байланысты Ұлттық Ғылым академиясы бұл мәселені шешу үшін бірқатар шараларды ұсынды.
Ең алдымен, бұл Мемлекет басшысының жергілікті өңірлік Ғылым және технологиялар жөніндегі кеңестер құру туралы тапсырмасының орындалуы.
«Олар өңірдегі ғылымды дамытудың басым бағыттарын айқындап, білімді тарату, ғылыми зерттеулердің нәтижелерін өндіріске енгізу және технологиялар трансферті жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырушы болуға тиіс. Бұдан бөлек, кадрлардың қажеттілігіне, оларды даярлау сапасына мониторинг жүргізіп, осы істе бұрмаланудың алдын алу мақсатында қандай мамандықтар бойынша даярлықты қысқарту немесе ұлғайту қажеттігіне ұсыныстар енгізуі қажет», — деп атап өтті Ақылбек Күрішбаев өз сөзінде.
Оның айтуынша, өңірлік Ғылым және технологиялар жөніндегі кеңестер аймақ пен орталық ғылыми ұйымдар және университеттер арасындағы дәнекерге айналып, оларды жергілікті мәселелерді тереңірек зерттеу үшін аналитикалық материалдармен қамтамасыз етіп, қажет болған жағдайда елдің ірі ғылыми орталықтарының мүмкіндіктерін тарта отырып шешеді.
Бұл ретте ҚР ҰҒА-ның басшысы жергілікті бюджеттердің ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыруға және оларды өндіріске енгізуге қатысуын, өңірлік проблемаларды шешу үшін ғылыми зерттеулерге мемлекеттік тапсырысты орналастыруды, осы процеске бизнес қаражатын тартуды, сондай-ақ, жергілікті жерлерде ғылымды дамыту қорларын құруды қоса алғанда, өңірлер деңгейінде ғылымды қаржыландырудың маңыздылығын атап өтті.
ҚР Ғылым академиясы өңірдің ғылыми ұйымдарын басқару мәселелерінде жергілікті атқарушы органдардың рөлін арттыруға, өңірлік университеттер, колледждер мен ғылыми ұйымдар базасында, оның ішінде фермерлер үшін әр ауданда білімді тарату орталықтарын құруға ерекше назар аударады.
Сондай-ақ, ҚР Ғылым академиясы жергілікті атқарушы органдардың өңірлік университеттер мен ғылыми ұйымдарды басқаруына қатысуы үшін әкімдік өкілдерін Директорлар кеңесі немесе Бақылау кеңестерінің құрамына енгізуді көздейді.
ҚР Ұлттық академиясы пилоттық режимде бұл шараларды Жамбыл облысының аумағында іске асырып, аталған тәжірибені еліміздің барлық өңірлерінде қолданысқа енгізуді ұсынады.
Өз кезегінде Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев әкімдік жанынан облыстық Ғылым және технологиялар кеңесі құрылатынын, оның құрамына жергілікті мәслихат депутаттары, ғалымдар мен ірі бизнес өкілдері кіретінін атап өтті.
«Облыста ауыл шаруашылығын дамытудың стратегиялық мәселелерін шешуге толық мүмкіндік бар. Осылайша, өсімдік шаруашылығы осы салада өндірілетін өнімнің 60 пайызын қамтамасыз етеді. Бірақ жоғары өнімділікке жету үшін сапалы тұқымдар қажет. Тұқымды өсіріп қана қоймай, оны әрі қарай өңдеп, сатылымға шығару мәселесін де қолға алған жөн», — деді Е. Қарашөкеев.
Оның айтуынша, облыс әкімдігі тұқым шаруашылығын дамыту бағытына жан-жақты қолдау көрсетуге дайын. Өткен жылы ғалымдардың жетекшілігімен шаруаларды жоғары сапалы репродукциялы тұқыммен қамтамасыз ету үшін 12 түрлі күздік бидай дақылына тәжірибе жүргізілді. Биылғы жылы тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға облыстық бюджеттен 857 млн теңге бөлінді.
Сонымен қатар, бүгінгі таңда суды үнемдейтін технологияларды енгізу ауыл шаруашылығын дамытудың басты мақсаттарының бірі. Бүгінгі таңда облыстағы су үнемдеу технологияларын пайдаланатын алқап көлемі қосымша 7 мың гектарға ұлғайтылып, биыл 47 мың гектарға жаңбырлатып және тамшылатып суаруды енгізу жоспарлануда.
Облыс әкімі өңірде инвестиция тарту бойынша ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатқанын да айтты. Мәселен, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы инвестициялық және инновациялық жобаларды іске асыруға Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институнына қарасты Бесағаш тәжірибе станциясы аумағында 231 гектар демонстрациялық алаң құрылуда. Бұл жобаға әлемдік жетекші тұқым және ауыл шаруашылығы жабдықтарын өндірушілері қызығушылық танытып отыр. Мәселен, Түрік, Қытай, Француз елдерінің компаниялары селекция мен тұқым шаруашылығы жетекші дақылдарын, минералды тыңайтқыштарын, жаңбырлатып және тамшылатып суару жүйесін енгізуге ниетті.
Бұдан басқа, мұнда су жүйелерін бетондауға арналған және ауыл шаруашылығы мақсатындағы дрондарды пайдалану жобасы іске асырылады, су үнемдеу технологияларын, ауыл шаруашылығы техникасын және бизнес-құрылымдар мен жергілікті фермерлер үшін білімді тарату орталығын құру жоспарлануда.

  • 23.05.2024
  • 214
Ербол Қарашөкеев

Жамбыл облысының әкімі

Ербол Қарашөкеев
(Мұрағат)

Жамбыл облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика