- Блогтар
- Исабаев Б.Ө.
Исабаев Б.Ө.
Жетісу облысының әкімі
Ақсу аудандық ауруханасы жаңарып, медициналық жабдықтармен қамтылу деңгейі 92%-ға жеткізіледі
Ақсу аудандық орталық ауруханасында күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Жаңарған денсаулық сақтау нысанының материалдық-техникалық базасы жақсартылып, компьютерлік томограф орнатылып, жаңа медициналық аппараттар сатып алынады. Бұл медицина нысаны 1972 жылы салынған. Содан бері ағымдағы жөндеу жүргізумен ғана шектеліп келген. Аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Байқадам Құрымбайдың айтуынша, 5 блоктан тұратын, 120 төсекке арналған ауруханаға өткен жылдың желтоқсан айында «Rakada group» ЖШС мердігер ұйымы күрделі жөндеу және сейсмикалық күшейту жұмыстарын жүргізіп бастаған. Аурухана әзірге Ақсу аудандық агротехникалық колледждің жатақханасына СЭС қызметінің рұқсатымен көшіріліп, өз жұмысын жалғастыруда.
Толығырақ: https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/778194?lang=kk
- 27.05.2024
- 117