- Блогтар
- Ұранхаев Н.Т.
Ұранхаев Н.Т.
Абай облысының әкімі
Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен кездестім
Кездесу ашық диалог форматында өтті. Кездесу барысында журналистер мен редакторлар облыстың дамуы, жоспарланған жобалар мен тұрғындарды толғандырған мәселелерге қатысты сұрақтар қойды. Кездесуде қойылған барлық өзекті сұрақтарға жауап беріп, БАҚ өкілдеріне аймақ тұрғындарын алаңдатқан өзекті мәселелерді ашық жариялайтындары үшін алғыс білдірдім. Сонымен қатар, БАҚ үшін әрқашан ашық екенімізді атап өттім. Жиында осындай кездесулерді тұрақты түрде өткізу ұсынылды. Себебі, кездесу барысында БАҚ өкілдері аймақ тұрғындарын алаңдатқан мәселелерді төтесінен қойып, нақты әрі жедел жауап алып, халық арасында дұрыс ақпарат таратуға септігін тигізеді.
- 29.05.2024
- 146