• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ербол Қарашөкеев
Ербол Қарашөкеев

Жамбыл облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Жамбыл облысында биыл 332 жоба бойынша жол жөндеу жұмыстары жүзеге асады

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев жауаптыларға өңірдегі жол құрылысының сапасы мен талапқа сәйкестігіне жіті назар аудару бойынша нақты міндеттер жүктеді.

Жергілікті жолдарды жөндеу мен атқарылған жұмыстар барысы қаралған аппараттық кеңесте облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мұрат Саурықовтың есебі тыңдалды.

Биыл жергілікті маңызы бар автожолдар мен елді мекен көшелерін жөндеуге 23,3 млрд теңге қаралды. Жалпы, жол саласында 332 жоба іске асырылады. Атап айтқанда, 16,5 шақырым көше жолдары құрылыспен, 631,9 шақырым жол орта жөндеу жұмыстарымен қамтылады. 3,0 шақырым жол қайта жаңғыртылады.

Бүгінгі таңда 144 жобада жұмыстар басталған.

Биыл аталған жобаларды іске асырудың нәтижесінде жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар автожолдардың үлесін 99 пайызға, елді мекен көшелері бойынша 87 пайызға жеткізу жоспарлануда.

Жергілікті жолдарды күтіп ұстауға 2,2 млрд теңге қарастырылып, шұңқырларды жөндеу, жол белгілерін орнату және т.б. бағыттар бойынша жұмыстар жүруде.

Облыс әкімі жол саласында биыл ауқымды жұмыстар қолға алынғанын атап өтіп, бірқатар мәселелерге көңіл бөлді.

- Қазір Тараз қаласында жылу құбырлары ауысып жатыр. Бұған дейін қазылған көшелерді қайта жаңарту жұмыстары көңіл көншітпейді. Мәселен, Қойгелді көшесіндегі жол ойылып, көлік иелеріне кедергісін келтіруде. Шаһардағы қазу жұмыстары толық аяқталысымен, жолды қалпына келтіру шаралары қатаң бақылауда болуы қажет, – деді облыс әкімі.

Ербол Қарашөкеев жол құрылысының сапасы мен талапқа сәйкестігіне жіті назар аударуды талап етті. Облыста қолға алынған жобалар толық сараптамадан өтуі тиіс. Облыс әкімі басқарма мен «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» мекемесіне бұл бағытта жұмысты жүйелеу керектігін баса айтты.

Бүгінгі күнге дейін «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» мекемесімен 25 нысанға зерделеу жұмыстары жүргізілді. 75 сынама алынып, бірқатар кемшіліктер анықталып отыр.

- Тұрғындар жол саласына қатысты мәселені жиі көтеріп келеді. Қазылған, тозығы жеткен көше жолдары халықтың ашу-ызасын тудырады. Жол жауапсыздықты көтермейді. Жөнделгеніне көп уақыт өте қоймаған жолдардың қайта шұрық-тесікке айналуы – сапасыз жұмыстардың салдары, – деген Ербол Қарашөкеев жозықсыз мердігерлердің жауапкершілігін қарап, бұл мәселеге баса назар аудару керектігін ескертті.

Облыс әкімі өңірде туризм саласын дамыту үшін де инфрақұрылымның маңыздылығын атап өтті.

Жиында Тараз қаласы мен аудан әкімдерінен де жол саласында атқырылған жұмыстар туралы жауаптар алынды.

Сондай-ақ жауаптылар республикалық маңызы бар автожолдардың жобасын іске асыру, ауыр салмақтағы жүк көліктеріне бақылау жүргізу шаралары бойынша баяндама жасады.

Күн тәртібінің екінші мәселесінде суға шомылу маусымындағы қауіпсіздік шаралары талқыланды.

Облыс әкімі жауаптыларға шомылуға тыйым салынған орындарға бақылауды күшейтуді, тұрғын үйлерге жақын орналасқан каналдарды қоршауды және азаматтарға түсіндірме жұмыстарын жүргізу бойынша тапсырма жүктеді. Сонымен бірге мектеп оқушыларының жазғы демалыстарын тиімді әрі қауіпсіз өткізу мәселесіне де назар аударды.  

  • 29.05.2024
  • 202
Ербол Қарашөкеев

Жамбыл облысының әкімі

Ербол Қарашөкеев
(Мұрағат)

Жамбыл облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика