• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Батырбеков Э.Ғ.
Батырбеков Э.Ғ.

ҚР «Ұлттық ядролық орталығы» Бас директоры

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Үйлестіру кездесуі

Астанада Қазақстандағы зерттеу реакторларын конверсиялау және жоғары байытылған уран (бұдан әрі – ЖБУ) отынын кәдеге жарату бойынша үйлестіру кездесуі өткізілді. Кездесу Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің, ҚР Ұлттық ядролық орталығының, АҚШ Энергетика министрлігінің Материалдарды басқару және барынша азайту офисі өкілдерінің қатысуымен өткізілді. Кездесу барысында қатысушылар жобаны жүзеге асыру аясында қол жеткізілген нәтижелерді талқылады, сондай-ақ болашақ жұмыстардың жоспарларын белгіледі. Кездесу шеңберінде АҚШ Энергетика департаменті мен Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің өкілдері ҚР ҰЯО-ның жаппай қырып-жоятын қаруды таратпау режимін қолдау мәселесіндегі, атап айтқанда, зерттеу реакторларында жоғары байытылған отынды пайдалануды барынша азайту ісіндегі жетістіктерін жоғары бағалады. Жобаның маңызды кезеңдерінің ойдағыдай іске асырылуы, мәселен, 2023 жылғы мамырда ТБУ отынындағы ИВГ.1М реакторының пайдалануға берілуі, ИВГ.1М реакторының пайдаланылған отынын қайта қаптау және арнайы дайындалған қоймаға орналастыру рәсімдерінің аяқталуы, ИВГ.1М реакторының пайдаланылған ЖБУ отынын байытуды азайту және оны кәдеге жарату әдістерін іздеу мақсатындағы зерттеу жұмыстарының нәтижесіне МАГАТЭ тарапынан оң баға берілуі жеке атап көрсетілді. Кездесуге қатысушылар тарапынан АҚШ Энергетика департаментінің қолдау көрсетуімен ҚР ҰЯО әзірлеген сұйылтылған графит отынын цемент матрицасына иммобилизациялау технологиясына үлкен назар аударылды, мұндай халықаралық тәжірибенің жоқ екендігіне, ҚР ҰЯО мамандарының осындай дара технологиялық процесті әзірлеудегі жетістігі атап көрсетілді. ИГР реакторының ЖБУ отынын сұйылту барысында қолданылатын араластыру және ұсақтау жабдығының сынақтан сәтті өткізілуін талқылап болған соң тараптар жұмыстарды орындаудың қазіргі қарқыны сақталатын болса, келесі ірі кезең - ИГР реакторының сәулеленген ЖБУ отынын сұйылтуды 2025 жылдың соңында бастауға болады деп келісті.

 

  • 31.05.2024
  • 195
Батырбеков Э.Ғ.

ҚР «Ұлттық ядролық орталығы» Бас директоры

Батырбеков Э.Ғ.
(Мұрағат)

ҚР «Ұлттық ядролық орталығы» Бас директоры

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика