• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Байханов А.
Байханов А.

Павлодар облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
2020 жылғы Павлодар облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары

Облыс әкімдігінің кеңейтілген отырысы өңір басшысы Әбілқайыр Сқақовтың төрағалығымен онлайн режимде өтті.

 

Павлодар облысының 2020 жылғы экономикалық көрсеткіштері туралы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Ирина Назарчук баяндады. Оның айуынша, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және тұрғын үй құрылысы салаларының индикаторлары оң бағаланып отыр.

 

– Машина жасау өнімдері өндірісінің 29,2%-ға, құрылыс индустриясының – 32,7%-ға, металл конструкцияларының – 11,6%-ға, жеңіл өнеркәсіптің – 9,5%-ға өсуі байқалады. Ауыл шаруашылығы саласында көлем 7,5%-ға, негізінен өсімдік шаруашылығы саласындағы оң динамика есебінен өсті. Өткен жылмен салыстырғанда дәнді дақылдардың жалпы түсімі 1,3 есеге, көкөністер – 13,4% – ға, картоп – 6,3%-ға өсті, - деп хабарлады Ирина Назарчук.

 

Өңірдегі құрылыс секторында 2019 жылмен салыстырғанда 4,9 %-ға көп жұмыс орындалды. Облыста барлығы 30 көппәтерлі (1894 пәтер) тұрғын үй пайдалануға берілді, оның 11-і «Нұрлы жер» бағдарламасы, 19-ы «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бойынша.

 

2021 жылға арналған жоспарларға келетін болсақ, облыста экономика өсімін 103,2% деңгейінде қамтамасыз ету, 6 инвестициялық жобаны енгізу және «Павлодар» арнайы экономикалық аймағындағы жұмысқа кемінде 3 жаңа қатысушыны тарту, егіс алқаптарын 84,5 мың гектарға ұлғайту, 374 мың шаршы метрге жуық тұрғын үйді пайдалануға беру және «Заманауи мектеп» жобасы шеңберінде 17 мектепті жаңарту жұмыстарын жүргізу жоспарда бар. Өңір басшысы Әбілқайыр Сқақов қала, аудан әкімдеріне және басқарма басшыларына шағын және орта бизнесті қолдауға, соның ішінде кәсіпорындардың өндірістік қуатын арттыру есебінен міндеттерді орындауға кірісуді тапсырды.

 

- 2020 жылы күрделі жағдайда біздің өндірушілерді, соның ішінде шағын кәсіпорындарды тапсырыспен қамтамасыз ете алдық, жүктеме көрсеткіші 75%-ға дейін өсті. Қазақстандық қамтуды ұлғайту және отандық өндірушілерді жүктеу бойынша жұмысты жалғастыру қажет. Пандемия кезінде ең көп зардап шеккен қызмет көрсету және сауда саласының өкілдеріне де атаулы көмек көрсетілуі керек, - деді облыс әкімі.

 

Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Айбек Тұрсынғалиев Павлодар облысында бірінші қажетіліктегі азық-түлік бағасының жағдайы туралы хабарлады.

 

- «SMALL» және «iNMART» – екі ірі сауда желісінде көкөніс өнімдері өзара ынтымақтастық туралы меморандум аясында делдалдар тізбегін алып тастау есебінен қолжетімді бағамен сатылады. «Айналым сызбасы» тетігі арқылы өңірдің екі кәсіпорнымен келісімдерге қол жеткізілді, олар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 16 түрін 25 сауда нүктесінде шекті нормадан аспайтын бағамен сатады. Бағаның өсуіне жедел әрекет ету және халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін басқарма жанында +7 705 609 20 74 нөмірі бойынша жедел желі және WhatsApp-арна жұмыс істейді, - деп атап өтті спикер.

 

Облыс әкімі мониторинг жүргізілетін сауда нүктелерінің тізімін кеңейтуді және барлық жерде, әсіресе Павлодарда бірінші қажеттіліктегі азық-түлік бағаларын қадағалауды тапсырды.

 

- Облыстың басқа елді мекендерімен салыстырғанда Павлодарда дүкендер, сатып алушылар көбірек, демек бағалармен айла-шарғы жасау үшін мүмкіндіктер де көп. Тұрақты мониторинг қажет, оның ауқымын кеңейту қажет, - деді Әбілқайыр Сқақов.

 

«Павлодар» ӘКК биыл бірден бірнеше жобаны жүзеге асыруға ниетті. Олардың бірі – Павлодардағы фермерлік базар, ол «өндіруші – фермерлік нарық – тұтынушы» сызбасы бойынша жұмыс істейтін болады.

 

- Біз бұл жобаны бизнес-жоба ретінде танытпаймыз. Ол халықты жергілікті азық-түлікпен тұрақты және жыл бойы қамтамасыз етуге, сондай-ақ өндірушіден тұтынушыға дейін тікелей сауда тізбегін қалыптастыруға бағытталған, - деді «Павлодар» ӘКК басшысы Мейрам Өтешов.

 

Облыста сондай-ақ тазартылған күнбағыс майы мен макарон өндірісін іске қосу жоспарланып отыр. Бүгінгі таңда бұл өнімдер өңірде өндірілмейді, шығарылса да оның көлемі облыс тұрғындарының қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жеткіліксіз. Әбілқайыр Сқақов азық-түлік қауіпсіздігі мәселелерінің айрықша маңыздылығын еске салып, әлеуметтік дүкендерді өніммен қамтамасыз етіп отырған тұрақтандыру қорының жұмысын жетілдіруді тапсырды.  

 

  • 10.02.2021
  • 344
Байханов А.

Павлодар облысының әкімі

Байханов А.
(Мұрағат)

Павлодар облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика