• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Байханов А.
Байханов А.

Павлодар облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Қоғамдық комиссия Павлодарда жылыту маусымының өтуі бойынша өз ұсыныстарын берді

Облыс әкімі Әбілқайыр Сқақовтың ұсынысы бойынша құрылған қоғамдық комиссия бір апта бойы жылыту маусымының өзекті мәселелерін зерттеп, аяз кезінде жылумен нашар қамтамасыз етілуіне шағымданған үйлерге барды. Павлодар қаласының әкімі Ержан Иманслямның айтуынша, 88 проблемалық көп қабатты үйде жылумен жабдықтау қалпына келтірілді. Тағы төрт мекенжай бойынша (Донецкая көшесі, 4, Ак. Марғұлан көшесі, 345/1, Бакинская көшесі, 8 және Ломов көшесі, 143) жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

 

- Комиссия жылудың қалыпты нормадан төмендеуінің негізгі себебі – жылу тораптарындағы шүмектерді алып тастағаннан кейін, қатты аяз кезеңінде жылу дұрыс таратылмауы деген қорытындыға келді. Бүгінде жылу берушілер осы мәселемен шұғыл түрде айналысып жатыр, - деп хабарлады қала басшысы.

 

Тәуелсіз комиссия мүшесі Олег Круктың айтуынша, көп жағдайда мамандардың осындай жылу пункттеріне кіруге рұқсаты жоқ. Сондықтан ол жағдайды жедел шешетін ұйымды белгілеу туралы ұсыныс жасады.

 

- Бұдан басқа, қызмет ету мерзімінің нормативі бойынша Павлодарда жыл сайын 12-15 километрге дейін жылу желілері жөнделуі тиіс. Алайда, іс жүзінде жылына 7-9 километр желі жөнделіп келген. Тіпті 2020 жылы желінің 3,5 километрі ғана жөнделсе керек. Өткен жылы пандемия кедергі болғаны түсінікті, бірақ желілерді ауыстыру мәселесі әлі де бар. Тағы бір мәселе – қараусыз қалған және жеке желілер. Біз бұл желілерді тексеріп, төлқұжаттау керек, содан кейін оны мамандандырылған ұйымның басқаруына тапсыру керек деп санаймыз, - деді жылу желілерінің бұрынғы басшысы Олег Крук.

 

Қоғамдық комиссия мүшелері назар аударған тағы бір жүйелі мәселе – Павлодардың оңтүстік бөлігін салу. Жаңа тұтынушылардың пайда болуына байланысты тек бір ауданның өзінде – Усолка және саяжай шағын аудандарындағы жылумен жабдықтауда мезгіл-мезгіл үзілістер болып тұрады. Жағдайды бірнеше жолмен шешуге болады: оңтүстік желілік аудандағы жылу желілерін қайта құру, осы учаскеде қазандық салу немесе қайта құру арқылы ЖЭО-1 қуатын арттыру. Сарапшылардың пікірінше, ең оңтайлысын таңдап алу үшін осы нұсқалардың әрқайсысын мұқият зерделеу керек. Жылу берушілер қаланың оңтүстік бөлігі мәселесін 2021 жылы шешуге болатынына сенімді.

 

- Біз «Достық» шағын ауданын Усолка шағын ауданымен байланыстырып тұрған №6 сорғы станциясы мен №42 жылу магистралінің құрылысына байқау өтіп кеткенін білеміз. Аталмыш жылу магистралі құрылысының нормативтік мерзімі – 8 ай. Бұл жұмысты міндетті түрде осы жылы орындау керек деп есептейміз. Сорғы және жылу магистралі сәтті салынған жағдайда біз Усолка және Дачный шағын аудандарын жылумен жабдықтау проблемасын толық шешеміз,-деді «Павлодарэнерго» АҚ басшысы Олег Перфилов.

 

Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов қала басшылығына жобаны қаржыландыру мәселесін пысықтауды тапсырды. Сонымен қатар өңір басшысы ағымдағы жылыту маусымында жылумен жабдықтауда іркілістер болмауы тиіс екенін еске салды.

 

- Жылу беру маусымын сәтті аяқтау қажет. Қайтадан тұрғындардың жылусыз қалуына жол бермеу керек, ол үшін барлық қажетті ресурстарды көтеріңіздер. Сіздер барлық проблемалық аймақтарды білесіздер, - деді ол қала әкімі мен жылу берушілерге.

 

Әбілқайыр Сқақов қоғамдық комиссия мүшелеріне қаланы жылумен қамтуды тұрақтандыру жөніндегі жұмыс пен ұсыныстар енгізгені үшін алғыс айтты. Өңір басшысы сарапшылар жасаған ұсыныстар негізінде қолға алынатын шаралар жоспары жасап, жылыту маусымы аяқталғаннан кейін оны іске асыруға кірісуді тапсырды. 

 

  • 10.02.2021
  • 304
Байханов А.

Павлодар облысының әкімі

Байханов А.
(Мұрағат)

Павлодар облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика