• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Байханов А.
Байханов А.

Павлодар облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Ақсу қаласы әкімінің тұрғындарға есеп беру

Эпидемиологиялық ахуалға байланысты онлайн өткен кездесуге Ақсу қаласы мен оның ауылдық аймағының 500-ден астам тұрғыны қосылды.  
 
Ақсу қаласының әкімі Нұржан Әшімбетов қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері туралы айтып берді. Өткен жылы Ақсу электр станциясында 14,1 миллиард квт/сағ электр энергиясы өндірілді. Қаланың жарғылық капиталына салынған инвестиция көлемі 118,6 миллиард теңгені құрады, оның 90%-ы - бюджеттен тыс қаражат.
 
- Біздің фермерлер 100 мың тонна картоп пен 57 мың тонна көкөніс алды. Біздің ауылдық аймақта 100 мың тонна көкөніс өнімін сақтайтын қоймалар бар. Олардың бірі – өткен жылы салынған 2 мың тонналық қойма. Сонымен қатар аграршылар 1,6 мың гектар суармалы жер енгізді, - деп хабарлады Нұржан Әшімбетов.  
 
2020 жылы Ақсу қаласында 49 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, кезекте тұрғандарға 222 пәтер берілді. Жақында қалада тағы 144 пәтер пайдалануға берілмек.
 
- Биыл құрылысы 2017 жылы басталған жаңа қазандықты аяқтап, пайдалануға беру керек. Оның қуаты қаланың жеке тұрғын үй құрылыстарын орталық жылуға қосуға мүмкіндік береді, олар бойынша жылу желілерін салу жобасы әзірленіп жатыр, - деп атап өтті қала әкімі.
 
Қызылжар ауылының тұрғындары әкімнен елді мекенде дәрігерлік амбулатория қашан салынатынын сұрады. Нұржан Әшімбетовтың айтуынша, нысан жобасы биыл таныстырылады. Құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін қаржы қарастылырып, мердігер де белгіленіп қойған.
 
Ақсу қаласының тұрғыны Антон Локтев соңғы күндері мұз басқан тротуарларға назар аударды. Қала тұрғынының айтуынша, жүріс бөлігіне тайғаққа қарсы қоспа себілгенімен, адамдар жаяу жүргіншілер жолымен әрең өтеді. Нұржан Әшімбетов көшені тазалау жұмыстарын күшейтуге уәде берді.
 
Ақсу әкіміне спорттық инфрақұрылымға байланысты сұрақтар да қойылды. Ат спортының қайраткерлері облыстық және республикалық жарыстарда жоғары нәтижелерге қол жеткізіп жүргендеріне қарамастан, көрінген жерде жаттығуға мәжбүр екендіктеріне шағымданды. Олар бәйге шеңберін қала маңынан дайындауды сұрады. Нұржан Әшімбетов бұл мәселені қолға алуға, орын таңдап, жобаны спортшылардың өздерімен келісуге уәде берді.
 
 
Ақсу қаласы әкімінің есеп беру кездесуін қорытындылай келе, өңір басшысы Әбілқайыр Сқақов қаладағы аулаларды абаттандыру бойынша көптеген өтініштер келіп түсетінін атап өтті. Өткен жылы Ақсу қаласында абаттандыруды қажет ететін аулалардың 40% ретке келтірілді. Жұмыстар кешенді түрде атқырылды – ойын алаңдарын орнатып, жарық, жол мәселелері шешілді.
 
- Биыл абаттандыруды қажет ететін аулалардың үштен бірінен астамын жөндеу жоспарланған. Мәселені бақылауға алып, бұл жұмысты аяғына дейін жеткізу керек. Ақсу үшін де экологиялық мәселе өзекті. Біз оны экологиялық белсенділермен және экология министрлігінің басшылығымен бірге шешеміз. Түрлі бағыттар бойынша нақты жоспарлар бар. Соның бірі – көгалдандыру. Таяу жылдары Ақсу қаласында 12 мыңнан астам ағаш пен тал отырғызу жоспарланып отыр. Жасыл қорға қажетті күтімді қамтамасыз ету қажет, - деді облыс әкімі қала басшысына.
 
Облыс әкімі қала билігінің алдына басқа да міндеттер қойды. Бұл Ақсу экономикасын әртараптандыру, ірі кәсіпорындардың айналасында шағын және орта бизнесті дамыту үшін белдеу құру және агроөнеркәсіп кешеніндегі жұмысты жандандыру.  

  • 10.02.2021
  • 290
Байханов А.

Павлодар облысының әкімі

Байханов А.
(Мұрағат)

Павлодар облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика