• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Байханов А.
Байханов А.

Павлодар облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Екібастұз әкімінің тұрғындар алдындағы қорытынды есебі

Екібастұз қаласының әкімі Ардақ Қантарбаев тұрғындармен онлайн-форматта өткен есеп беру кездесуінде 2020 жылдың қорытындылары мен жоспарлар туралы айтты.
 
Өткен жылы Екібастұзда 12 көп пәтерлі тұрғын үй салынды және қайта жөнделді. Жалға берілетін тұрғын үйге кезекте тұрған бірден 646 тұрғын пәтер алды.
 
- 9 шағын ауданда 432 пәтерге арналған алты көп қабатты үйді осы жылдың көктемінде абаттандыру жұмыстары аяқталғаннан кейін қолдануға беріледі. Болашақта Екібастұзда тағы 8 көп қабатты тұрғын үй салынбақ, оның төртеуі қаржыландыруға қолдау тапты. Бұдан басқа, көп балалы және әлеуметтік осал топтар үшін 84 пәтер сатып алынады. Қаланы дамыту тұжырымдамасы аясында алдағы үш жылда 3,5 мың отбасы үшін 213 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланып отыр, - деп бөлісті Ардақ Қаңтарбаев.
 
«Қазақстан вагон жасау компаниясы» бір мың ашық вагон дайындауға тапсырыс алып, өз қызметін қайта бастады. Қала басшысының айтуынша, кәсіпорын қызметін қалпына келтіру 400-ге дейін тұрақты жұмыс орнын құру мәселесін шешуге, бюджеттің кіріс бөлігін ұлғайтуға, сондай-ақ, өнеркәсіп секторы мен инвестиция тарту көрсеткіштеріне қол жеткізуге мүмкіндік береді.
 
- Өткен жылы өңір экономикасына 146 миллиард теңгеден астам инвестиция салынды. Көмір өнеркәсібіндегі ірі инвестициялық жоба – көмір өндіру мен тасымалдаудың авто-конвейерлік технологиясына көшу жөніндегі «Богатырь Көмір» ЖШС жобасы. Ол жыл сайын 50 миллион тоннаға дейін қатты отын өндіруді қамтамасыз етеді. «Greenhouse-Qaztomat» ЖШС да өз қуаттылығын арттырды. Кәсіпорында алғаш рет қияр жиналды, сондай-ақ қызанақ көлемі 76 мың тоннаға дейін ұлғайтылды, - деді қала әкімі.
 
Екібастұз әкіміне жүгінген тұрғындар оның мектептерге апаратын жолдардың жарықтандырылмаған және реттелмейтін учаскелерімен айналысуын сұрады. Ардақ Қаңтарбаев 2021 жылы қаланы абаттандыру бойынша ауқымды бағдарлама жоспарланғанын, оған оқу орындары орналасқан жерлердегі көшелерді жарықтандыру да кіретінін атап өтті.
 
Басқа екібастұздықтар «Шахтер» орталық қалалық паркін дамыту жоспарлары туралы сұрады. Әкім биылғы жылы қала билігі демалыс орнын толық қайта жабдықтау және қайта құру үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірлеумен айналысатынын хабарлады. Жоба түрлі аттракциондарды орнатуды қарастырады, қала тұрғындарының саябақты абаттандыруға қатысты барлық идеялары мен пікірлері ескерілетін болады.
 
Қорытынды сөзді алған Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов Екібастұз өңірлік қана емес, республикалық экономиканы дамытуда ерекше орын алатынын атап өтті. Оның пікірінше, болашақта Екібастұз өз өнімдерімен және сыртқы нарыққа шығатын толыққанды қалаға айналуы тиіс.
 
- Біз қаланың инженерлік инфрақұрылымының қатты тозғанын білеміз, бұл жағдайда проблемалық аймақтарды тексеру қажет. Екібастұздың орта мерзімді даму стратегиясында барлық проблемалық мәселелер – инженерлік, сондай-ақ әлеуметтік және спорттық инфрақұрылым, қоғамдық көлік, құрылыс, инвестициялар тарту көзделуі тиіс. Құзыреттер орталығымен биылғы жылы қалада тұрып қалған проблемаларды шешу және қолда бар кадрлық әлеуетті жоғалтпау үшін кадрларды даярлау және қайта даярлау жұмысын бастау қажет. Қоғамдық кеңістіктер туралы ұмытпау керек. Қаланы кез келген әлеуметтік және спорт нысандарына қолжетімділікті қамтамасыз ететіндей қылып дамыту керек. Экологиялық жағдайды жақсартуға назар аудару керек: Екібастұзда жыл сайын кемінде 5 мың ағаш отырғызу керек, оларға дұрыс күтім жасау керек, - деді облыс әкімі.
 
Әбілқайыр Сқақов қала билігінің назары тек Екібастұз қаласына ғана аударылмауы тиіс екенін атап өтті. Өңір басшысы Солнечный және Шідерті кенттерінде, сондай-ақ үлкен даму әлеуеті бар қаланың ауылдық аймағында да өмір сүру сапасын жақсарту міндетін қойды.
 

  • 10.02.2021
  • 365
Байханов А.

Павлодар облысының әкімі

Байханов А.
(Мұрағат)

Павлодар облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика