• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ұранхаев Н.Т.
Ұранхаев Н.Т.

Абай облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Әлеуметтік желі арқылы шағымданған тұрғындармен кездестім

Семей қаласындағы бірнеше нысанды аралап, әлеуметтік желі арқылы түскен шағымдарға сәйкес облыс орталығының тұрғындарымен кездестім.

 

Сол жағалаудағы Народная көшесіндегі 33 үйдің тұрғындары үй ауласындағы абаттандыруға шағымданған еді. Атқарылуға тиісті жұмыстың орындалмауына аула ішіндегі жылу желілерін ауыстыру себеп болған. Сол жағалаудағы орамішілік жолдарды жөндеу шеңберінде аула аумағын асфальттау жоспарланған.

 

 Сондай-ақ, «Треугольник» ауданы тұрғындары жол, Автодорожная көшесін жарықтандыру бойынша өтініш қалдырған. Аталған көшені жарықтандыру «ШҚО өңірлік мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығы (МЖӘ)» АҚ-ның теңгерімінде. Алайда жарықтандыруды күтіп ұстау шартының болмауына байланысты жергілікті құзырлы органдарға жөндеу жүргізу мүмкін емес. Осыған қарамастан аталған мекемемен арада сот процестері жүргізілуде. Ол аяқталысымен жарықтандыруды қалпына келтіру жұмысы жүргізіледі.

 

Сонымен бірге тұрғындар осы аудандағы балалар алаңының бүгінгі жағдайы мен темір гараждардың маңайына жиналған қоқыс, Бозтаев көшесі арқылы жаяу жүргіншілер үшін бағдаршамның қажеттілігі жайында өз өтініштерін жеткізді.

 

Юность кентіндегі 67 үйдің тұрғындары ауладағы қураған ағаштардың қауіптілігі жайында өтініш білдірген болатын. Бұл мекенжайдағы ағаштар кесілетін ағаштар тізіміне енгізілген. Қазіргі уақытта осы жұмыстарды орындау үшін мердігер ұйымды таңдау бойынша конкурстық рәсімдер өтуде. Аталған үй тұрғындарынан бөлек көршілес көпқабатты үйлердің тұрғындары да өз өтініштерін айтты. Солардың арасында кварталішілік жол, аулаларды абаттандыру, аудандағы бос тұрған ғимараттың балалар үшін қауіптілігі жайлы сөз қозғады.

 

Облыс мәртебесін алғанымызға көп уақыт өтпегенін өздеріңіз де білесіздер. Семейдің облыс болғанға дейінгі жағдайы барлықтарыңыздың көз алдарыңызда. Соған қарамастан, бүгінге дейін 100-ге жуық ауланы ретке келтірдік. Қала бойынша 572 ауланың бар екенін ескерсек, олардың барлығын қысқа мерзімде қалпына келтіру мүмкін емес. Бірақ, қол қусырып, қарап отырмыз деп айтуға болмайды. Көшелеріміз де рет-ретімен жөнделіп жатыр. Бұл біздің қаламыз. Сондықтан, оны жаңарту бәрімізге ортақ іс.

 

Бүгінгі көтерілген мәселелер бойынша орынбасарым Димитрий Гариковқа, қалалық ТҮКШ, Жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары бөлімдері басшыларына қысқа мерзімде шешу жөнінде тиісті тапсырмалар бердім.

  • 07.06.2024
  • 162
Ұранхаев Н.Т.

Абай облысының әкімі

Ұранхаев Н.Т.
(Мұрағат)

Абай облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика