• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ұранхаев Н.Т.
Ұранхаев Н.Т.

Абай облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Абай облысында қосымша 7 өрт сөндіру бекетін құру жоспарлануда

ҚР Үкіметінің отырысында өрттің қауіпті кезеңіне дайындық мәселелері талқыланды. Отырыста сөз алған Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев өңір бойынша осы бағытта атқарылған жұмыстардың нәтижелері туралы баяндады.

Аймақта өрттің алдын алу шараларын бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда. 2023 жылы «Ақ Ертіс» қоғамдық қоры есебінен 11 бірлік өрт сөндіру техникасы және 363 жабдық (4 бірлік өрт сөндіру машина, 5 бірлік шағын орман патрульдік кешендер, 2 JAC T6 автокөлігі, өрт сөндіру машиналарына арналған 25 қозғалтқыш, 1 ҰҰА, 20 дана бензинді мотопомпалар және 307 дана рюкзакты өрт сөндіргіштер, 6 дана орман өртке сөндіру рюкзакты құрылғы, 2 бензинді ара және 2 су сыйымдылығы) сатып алынды. Бұдан бөлек республикалық бюджет есебінен «Семей орманы» резерваты үшін 34 бірлік өрт сөндіру техникасы мен 323 жабдық (Камаз базасында 10 бірлік өрт сөндіру машинасы, 14 бірлік шағын орман өрті кешені, 1 бірлік МТЗ тракторы, УАЗ базасында 1 бірлік патрульдік автомобиль, тасымалдауға арналған 8 бірлік өрт сөндіру су тасымалдауға арналған тіркемесі, нысанды және арнайы киім-кешек, 107 мобильді және 216 тасымалды рация) сатып алынды.

Өрт кезінде жедел әрекет ету үшін елді мекендерде 13 өрт техникасы бар 10 өрт сөндіру бекеті құрылды. 2024 жылға облыстың ТЖД техникасының 7 бірлігін бере отырып, қосымша 7 өрт сөндіру бекетін құру жоспарлануда. Облыс бойынша барлығы 62 өрт сөндіру бекеті, 70 техника бірлігі бар.
  
Термиялық нүктелердің ғарыштық мониторингін жүргізу үшін «ҚазақстанҒарышСапары» ҰК» АҚ-пен келісімшарт жасалды. Сонымен қатар, аэровизуалды тексерулер жүргізу және төтенше жағдайларға жедел ден қою мақсатында «Қазавиақұтқару» АҚ-пен тікұшақ тарту жөнінде келісімшарт жасалды. Сонымен қатар, Семей қаласы әуежайының базасымен Қорғаныс министрлігінің облыстық филиалының авиабазасында су төгетін құрылғылары бар 3 МИ-8 әуе кемесі кезекшілік етуде.

Орман-дала алқаптарында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ағымдағы жылы құрамында түрлі органдар мен мекемелердің өкілдері бар 32 бірлескен мобильді топ құрылды.

Бүгінгі таңда, облыстың 94 елді мекенінде аумақтарды құрғақ өсімдіктерден және жанғыш қоқыстардан тазарту жүргізілді, елді мекендер мен автомобиль жолдарының айналасында ұзындығы 437,8 шақырым минералданған жолақтар құрылды.
 

❗️

Осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда әрі қатаң бақылауда.

  • 07.06.2024
  • 176
Ұранхаев Н.Т.

Абай облысының әкімі

Ұранхаев Н.Т.
(Мұрағат)

Абай облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика