• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ұранхаев Н.Т.
Ұранхаев Н.Т.

Абай облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Абай облысының ауылдық округтерін дамытуға арналған Жол картасы әзірленуде

Абай облысының ауыл шаруашылығын жақсарту стратегиясы шеңберінде жылыжайлар орнату, мал шаруашылығын дамыту, әлеуметтік-экономикалық даму және инфрақұрылымдық объектілер салуды қамтитын Жол картасы әзірленуде. Осы жұмыстардың тиімділігін арттыруға Целиноград ауданы Родина ауылының табысты тәжірибесі негіз болып отыр.

Бесқарағай ауданының аумағында жалпы ауданы 2 га болатын жыл бойғы жылыжай орнату жоспарлануда. Бұл азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, маусымдық тәуелділікті азайтады. Көкөністерді жыл бойы өсіруге мүмкіндік береді. Тамшылап суарылатын қосымша 5 гектар жерге көкөністерді маусымдық өсіру ұйымдастырылады. Бұл суды ысырапсыз пайдаланудың тиімділігін арттырады.
 

✅

Үржар ауданы Таскескен ауылында асыл тұқымды «Ақбас» ірі қара мал өсіру қолға алынбақ. Бұл жоба ет өндіруді арттырып, жаңа жұмыс орындарын ашуға ықпал етеді. Сондай-ақ көмір бағасын тұрақтандырып әрі жергілікті тұрғындар үшін қолайлы жағдай жасайтын қысқы отын қоймасын салу көзделген. Жоба 2025 жылға жоспарланған.

Бородулиха ауданының Петропавловка ауылдық округінде ұзындығы 9 шақырым жолға орташа жөндеу жүргізілді. Осы учаскеде көше жарығы орнатылып, ауылдағы орталық саябақ абаттандырылды. Хоккей корты да салынды. Сонымен қатар ауылда жаңа балалар ойын алаңы пайда болды. Мектепке автобус сатып алынды. Ауылішілік жолдардың 1 шақырымына инертті материал төгілді.. Қазіргі таңда қараусыз қалған жерлерді қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.
 

🏙

Ақсуат ауданы Екпін ауылында клубтық үйлер мен аз қамтылған отбасыларға арналған жалға берілетін үйлер салу үшін жобалар іске асырылды. «Мәуліт» шаруа қожалығы асыл тұқымды «Ақбас» ірі қара малын өсірумен айналысады. Шаруашылық 7 210 га жайылым, 650 га шабындық, 1 000 га егістік жерге ие. Сонымен қатар, 2 000 бас ірі қара, 1 000 қой және 700 жылқысы бар. Болашақта өнімді Қытайға экспорттау мақсатында шағын консерві цехын ашу жоспарлануда.

Көкпекті ауданында сүт өнімдерін өндіру дамуда. Сүт фермасын дамыту нәтижесінде өнім көлемі күн сайын 11 тоннадан 20 тоннаға дейін артады. Сондай-ақ, жұмысшылар үшін төрт пәтерлі жаңа үй, балалар ойын алаңын салу жоспарлануда.
 

🔺

Саржал ауылдық округінде қымыз өндірісі тұрақты дамып келеді. Қазіргі таңда күн сайын 100 литрге дейін қымыз өндіріледі. Бүгінде ірі супермаркеттермен келісім шарттар жасалды. Өндіріс қуатын тәулігіне 5 тоннаға дейін ұлғайту, қосымша жабдықтар сатып алу және өнімді республикалық тауар айналымына шығару жоспарлануда. Бұл жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді.

Аудан әкімдеріне жобалардың іске асырылу барысын қатаң бақылауды, халықпен және бизнес өкілдерімен тұрақты кездесулер өткізуді тапсырдым. Ауылдық округтерді дамыту жөніндегі Жол картасы ауыл шаруашылығын жақсартуға, жаңа жұмыс орындарын құруға, әрі халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған. Сондықтан заманауи технологияларды қолдану, инвестиция тарту облыстың тұрақты дамуында шешуші рөл атқарады.

  • 07.06.2024
  • 166
Ұранхаев Н.Т.

Абай облысының әкімі

Ұранхаев Н.Т.
(Мұрағат)

Абай облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика