- Блогтар
- Төреғалиев Н.
Төреғалиев Н.
Батыс Қазақстан облысының әкімі
10 ақпан күні сағат 16:00-де Тасқала ауданының әкімі А.С.Халеловтің есеп беру кездесуі өтеді
Ағымдағы жылдың 10 ақпан күні сағат 16:00 - де Тасқала ауданының әкімі А.С.Халеловтің аудан тұрғындары алдындағы есеп беруі кездесуі өтеді. Есеп беру форматы облысымыздағы санитарлық-эпидемиологиялық ахуалға байланысты онлайн түрде Тасқала ауданы әкімдігінің Facebook парақшасында және Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің, Тасқала ауданы әкімдігінің ресми сайттары арқылы өткізіледі.
Осыған орай, есептік кездесуге өздеріңіздің сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңызды көрсетілген мекен-жайлар беруге болады:
Тасқала ауданының және ауылдық округ әкімі аппараттарының ғимараттарында орналасқан арнайы жәшіктерге салуларыңызға, аудан әкімі аппаратының Facebook, Instagram, әлеуметтік желісіндегі парақшаларына, a.taskala@bko.gov.kz поштасына, 8 7113 921239, 8 771 663 30 23 жұмыс телефондары арқылы қоюға болады.
- 10.02.2021
- 272