• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ербол Қарашөкеев
Ербол Қарашөкеев

Жамбыл облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Облыс әкімі халықаралық конференцияға қатысты

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев «Жедел және созылмалы жүрек жеткіліксіздігі» атты Түркітілдес халықтарының халықаралық конференциясына қатысты.

Шара Жамбыл облысы мен Денсаулық сақтау ісінің үздігі, Қырғызстан және Қазақстанның Еңбек сіңірген дәрігері, Қазақстан жүрек-қан тамырлары хирургтар қауымдастығының төрағасы Сейітхан Жошыбаевтың 85 жылдығына орай, кардиохирургия және трансплантология ғылыми-клиникалық орталығында ұйымдастырылды.

Ербол Қарашөкеев алдымен орталықтың материалдық-техникалық базасымен танысты.

Облыс әкімі аталған конференцияның маңыздылығына тоқталып, кардиохирургия және трансплантология ғылыми-клиникалық орталығы ұжымының еселі еңбегін атап өтті.

- Созылмалы жүрек жеткіліксіздігі – өмір сүру ұзақтығына әсер ететін өзекті мәселенің бірі.

Елімізде жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алу және емдеу шаралары жоғары деңгейде дамып келеді. Науқастарға заманауи медициналық құрылғылармен ота жасалып, көмек көрсетілуде.

Сейітхан Жошыбайұлының осы саладағы еселі еңбегін атап өткен жөн. Ол білімі мен қажыр-қайратының арқасында адамдардың өміріне араша түсіп, алғысына бөленіп жүр.

Бүгінде білген-түйгенін кейінгі жастарға үйретіп, олардың кәсіби маман болып қалыптасуына ықпал етті, – деді облыс әкімі.

Өз кезегінде кардиолог ғалым, медицина ғылымдарының докторы, профессор Сейітхан Жошыбаев орталықтың миссиясына тоқталып, алдағы мақсаттарымен бөлісті.

- Атқарған жұмысымыз бен алдағы жоспарларымыздың барлығы ел игілігіне негізделген. Дәрігерлеріміз науқастарға ота жасап, емдеумен ғана шектелмей, ғылыми жұмыстармен айналысады. Алдағы уақытта Халықаралық медицина академиясын ашу ойымызда бар. Себебі, терең білімсіз медицинаны дамыта алмаймыз, – деген Сейітхан Жошыбайұлы конференция қатысушыларына сәттілік тіледі.

Сондай-ақ, басқосуда «University Medical Center» корпоративтік қоры мен «А.Н.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы» АҚ-ның өкілдері және медицина саласының үздіктері орамды ойларымен бөлісті.

Айта кетейік, конференция барысында мамандар саладағы жетістіктер мен өзекті мәселелерді талқылайды. Сондай-ақ, білікті дәрігерлер заманауи әдістер негізінде ота жасап, өзара тәжірибе алмасады.

  • 17.06.2024
  • 140
Ербол Қарашөкеев

Жамбыл облысының әкімі

Ербол Қарашөкеев
(Мұрағат)

Жамбыл облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика