- Блогтар
- Ербол Қарашөкеев
Ербол Қарашөкеев
Жамбыл облысының әкімі
Облыс әкімі Олимпиадаға жолдама алған спортшылармен кездесті
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Парижде өтетін XXXІІІ жазғы Олимпиада ойындарына жолдама алған спортшылармен кездесті.
Басқосуға дзюдодан екі дүркін Олимпиада ойындарының жүлдегері, Әлем чемпионы Елдос Сметов, бокстан Әлем, Азия чемпионы Асланбек Шымбергенов және олардың жаттықтырушылары қатысты.
Аймақ басшысы спортшыларға сәттілік тілеп, Олимпиада ойындарында ел намысын лайықты қорғайтынына сенім білдірді.
Өз кезегінде спортшылар сөз алып, қолдау білдерген жамбылдықтарға, облыс басшылығына деген алғыстарын, жанкүйерлердің сенімін ақтау үшін бар күш-жігерлерін салатындарын жеткізді.
Кездесуде облыс әкімі Олимпиадаға жолдама алған спортшылар мен олардың жаттықтырушыларына қаржылай сертификат табыстады.
Айта кетейік, Париж Олимпиадасының салтанатты ашулы рәсімінде еліміздің көк Туын ұстап шығу жауапкершілігі Асланбек Шымбергеновке жүктеліп отыр.
Жалпы, жазғы Олимпиада ойындарына 5 жамбылдық спортшы лицензия жеңіп алды. Олардың қатарында, еркін күрестен Әлем чемпионатының жүлдегері, Азия чемпионы Әлішер Ерғали, дзюдодан Азия чемпионы Данияр Шамшаев, қазіргі бессайыс спорт түрінен Азия чемпионы Георгий Борода-Дудочкин бар.
Анықтама: Тәуелсіздік алған жылдардан бері жамбылдық спортшылар Олимпиада ойындарында 10 медалға ие болды. Оның ішінде 2 алтын, 4 күміс және 4 қола бар.
- 17.06.2024
- 107