• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ербол Қарашөкеев
Ербол Қарашөкеев

Жамбыл облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Облыс әкімі дарынды оқушылармен кездесті

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев халықаралық, республикалық олимпиадалар мен ғылыми және шығармашылық байқаулардың жеңімпаздарымен кездесті.

Аймақ басшысы алдымен білім беру мекемелерінің жас ғалымдары мен талантты өнертапқыштарының жұмысы қойылған көрмені тамашалады.

Мәселен, Меркі ауданы №44 орта мектебінің оқушылары А.Еркінқызы мен Ө.Еңсебек «Таза Қазақстан» акциясы аясында әзірлеген қоқыс өңдейтін зауыт жобасын, Қ.Тұрысов атындағы №53 орта мектеп-ғимназиясының оқушысы Е.Болатжан асық ойынының заманауи үлгісін таныстырды. Сонымен бірге робот бесік, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көмек қолын созатын ерекше жоба мен өзге де оқушылардың ұшқыр қиялынан туған туындылар көпшілік назарына ұсынылды.

Ербол Қарашөкеев жауапты сала басшыларына мектеп оқушыларының инновациялық бастамаларына қолдау көрсетуді тапсырды.

Облыс әкімімен кездесуге 120-дан аса бала қатысты. Олардың барлығы түрлі білім сайыстарында, байқауларда топ жарып, облыс намысын асқақтатып жүр. Биылғы жылдың өзінде дарынды балалар халықаралық, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жарыстарда 331 медалға ие болды. Оның 54-тін халықаралық бәсекеде еншілеген.

Республикалық ғылыми жобалар байқауында облыс командасы 15-ші жыл қатарынан үздік деп танылды. Олимпиада қорытындысы бойынша «Ең үздік олимпиадалық команда» номинациясына ие болды.

Мектеп оқушылары ақындық өнерін шыңдап, көркем сөз оқу байқауларында да жоғары нәтижеге қол жеткізген. Абай, Мағжан, Ілияс, Әбіш оқуларына 89 оқушы қатысып, 53-і жеңімпаз деп танылды.

Биылғы оқу жылын 250 мыңға жуық оқушы аяқтаса, оның 12 мыңнан астамы жас түлек. Олардың қатарында шетелдік және еліміздегі іргелі оқу орындарының грант иегерлері бар.

Еркін кездесу барысында оқушылар облыс әкіміне түрлі сұрақтарын қойып, жауап алды. Оларды облыс әкімінің балалық шағы, жастардың қоғамдағы рөлі, жетістікке жетудің жолы мен пайдалы кітаптар туралы ойы қызықтырды. Сондай-ақ балалар аймақта атқарылған жұмыстар мен туризм саласын дамыту бағытында қолға алынатын жобалар туралы сұрап, ұсыныстарын білдірді.

Айта кетейік, кездесуге келген барлық дарынды балалар облыс әкімінің Алғыс хаты және қаржылай сертификатпен марапатталды. Сондай-ақ заман талабына сай шәкірт тәрбиелеген білікті ұстаздар Құрмет грамотасы мен Алғыс хатқа ие болды.

  • 17.06.2024
  • 151
Ербол Қарашөкеев

Жамбыл облысының әкімі

Ербол Қарашөкеев
(Мұрағат)

Жамбыл облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика