• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Батырбеков Э.Ғ.
Батырбеков Э.Ғ.

ҚР «Ұлттық ядролық орталығы» Бас директоры

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Ұлттық ядролық орталық атом саласына кадр даярлау үшін университеттерге өз базасын бермек

Ұлттық ядролық орталықта Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министрі Дархан Ахмед-Заки бастаған еліміздің жетекші жоғары оқу орындары делегациясының сапары аясында ҚР ҰЯО эксперименттік базасында ғылыми зерттеулер жүргізу және атом энергетикасы үшін кадр даярлау мәселелері талқыланды.  

Вице-министр атап өткендей, білікті кадрларды даярлау Қазақстанның атом энергетикасын ойдағыдай дамытудың өте маңызды бөлшегі болып саналады, сондықтан жоғары оқу орындары мен ғылыми кәсіпорындар арасындағы ынтымақтастықты нығайту қажет.

Талқылауға Қазақстан-Британия техникалық университетінің және Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің ректорлары, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті және Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің өкілдері қатысты. Нәтижесінде тиісті меморандумға қол қойылды.

Ұлттық ядролық орталық жетекші ғылыми-зерттеу ұйымдарының бірі бола отырып, атом энергетикасы, радиоэкология, термоядролық синтез, геофизика саласындағы мәселелерді ойдағыдай шешіп келеді. Ядролық зерттеу реакторларынан, КТМ токамагынан, зертханалық жабдықтардан және басқа да аспаптар мен қондырғылардан тұратын бірегей ғылыми-техникалық және өндірістік базасы жұмыс істейді. Қазіргі атом энергетикасы қауіпсіздігі мәселелерін шешуге ерекше назар аударылады.  

Бас директор Эрлан Батырбековтің айтуынша, бүгінгі таңда кәсіпорынның басты құзыретінің бірі әлемдік атом-энергетикалық технологияларды әзірлеушілермен және өнім берушілермен жүргізілетін перспективалық және қазіргі уақытта қолданылып жүрген ядролық энергетикалық реакторлардың қауіпсіздігін арттыру жұмыстары болып саналады.  

Табысты жұмыс атқару үшін білікті кадр қажет. Қазіргі уақытта ҚР ҰЯО-да қызметкерлердің өзін-өзі танытуы үшін барлық қажетті жағдай жасалған, кадрларды даярлау және қайта даярлау жұмысы жолға қойылған, диссертацияны өндірістен қол үзбей қорғауға айрықша мүмкіндік беріледі, өңірлік университеттер кафедраларының 3 филиалы жұмыс істейді, кәсіпорынның басшылығы мен қызметкерлері 3 диссертациялық кеңестің тұрақты құрамына кіреді. Сондықтан осы бағыт бойынша жоғары оқу орындарымен ынтымақтастықты кеңейту өте маңызды қадам болып саналады.

Сапар барысында делегация ҚР ҰЯО-ның бірқатар объектілеріне, соның ішінде ИВГ1.М бірегей зерттеу реакторына барып қайтты. Бұл реактор конверсиялау бойынша сәтті жүргізілген ауқымды жұмыстың арқасында 2023 жылдан бастап төмен байытылған урандағы жаңа актив аймақпен жұмыс істей бастады.

  • 18.06.2024
  • 157
Батырбеков Э.Ғ.

ҚР «Ұлттық ядролық орталығы» Бас директоры

Батырбеков Э.Ғ.
(Мұрағат)

ҚР «Ұлттық ядролық орталығы» Бас директоры

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика