• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ұранхаев Н.Т.
Ұранхаев Н.Т.

Абай облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Облыста азаматтармен тиімді қарым-қатынас жүргізу жөнінде оқыту өтуде

Абай облысында азаматтардың өтініштерімен жұмыс істеу кезінде ҚР әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін қолданудың өзекті мәселелері талқыланған семинар өтті. Семинар жұмысына облыстың мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының әкімшілік басшысы Әйгерім Кеңесхан, Әділет департаментінің Әкімшілік бөлімінің басшысы Айжан Құлмағамбетова, облыс әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бас инспекторы Индира Найманова, «Alikhan Bokeihan University» педагогика және психология кафедрасының аға оқытушысы Назгүл Рахымжанова, сондай-ақ «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ облыстық өкілдігінің ақпараттық жүйелерді сүйемелдеу басқармасының басшысы Гүлжан Серікбаева қатысты. Семинардың мақсаты – қызметкерлерді азаматтармен тиімді қарым-қатынас жасау, ӘРПК нормаларын түсіндіру және «е-Өтініш» жүйесімен жұмыс істеу бойынша оқыту.

«Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында бүкіл елдің ортақ міндеті азаматтардың сұраныстарына жедел, әрі тиімді ден қоятын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру екенін атап өтті. Бұл семинар өтініштермен жұмыс кезінде квазимемлекеттік сектор субъектілерінде анықталған заң бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау шеңберінде ұйымдастырылды», - деп атап өтті облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары Анар Жакупова.

Семинарда ӘРПК нормаларының сақталуы, мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік ұйымдарға келіп түсетін өтініштерді тіркеу және есепке алу ережелері талқыланды. Сондай-ақ, қатысушылар заң бұзушылықтарды жою бойынша практикалық ұсыныстар алып, әкімшілік органдардың шешімдеріне шағымдануына байланысты сот практикасымен танысты. Сонымен қатар, халықпен жұмыс кезіндегі жанжалды жағдайларды шешу дағдылары туралы дәріс тыңдады. Бүгінде Абай облысында 10 679 өтініш тіркелген, оның ішінде 7 088 өтініш, 477 шағым, 1 126 ұсыныс және 1 988 хабарлама мен сұраныс. Мемлекеттік органдардың азаматтардың өтініштерімен жұмысына үнемі талдау жүргізіледі.

 

  • 19.06.2024
  • 161
Ұранхаев Н.Т.

Абай облысының әкімі

Ұранхаев Н.Т.
(Мұрағат)

Абай облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика