• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Байханов А.
Байханов А.

Павлодар облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Павлодар облысында ауқымды дезинсекциялық іс-шаралар басталды.

Облыс әкімі Асайын Байханов жауапты басқарманың өткен аптадағы дезинсекция жұмыстарының барысы туралы есебін тыңдады.

Энтомологтар жағалау аудандарында 1 шаршы метрде 200-ден 500-ге дейін дернәсілдердің бар екенін анықтады. Алайда, қазір дернәсілдердің даму қарқыны ауа температурасының төмендеуіне байланысты біршама төмендеді.
Сонымен қатар, ғылыми топтың ұсынымдарына сәйкес 27 сәуірден бастап өңірде «Бактицид» биологиялық препаратымен әуеден өңдеу жұмыстары басталды.

Бүгінгі таңда ұшақтар 61 рет әуеге көтеріліп, Павлодар қаласының (Атамекен кенті, Кенжекөл ауылы, Долгое ауылы), Ақсу қаласының (МАЭС ауданы, Қарабай ауылы), Павлодар ауданының (Заря ауылынан Григорьевка ауылына дейін) 24 мың га жайылма алқабы өңделді. 4 мамыр күні 24 рет ұшу жоспарланған.
Бұған қоса Ақтоғай, Ертіс және Тереңкөл аудандарында жаяу жүріп өңдеу жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, мамандар 25 сәуірден бастап облыс орталығындағы «Металлург», «Яблонька», «Реченька» саяжайларының су тоғандарын, сондай-ақ, «Металлург» саябағын және Зеленстрой мен Жаңауыл шағын аудандарын дезинсекциялауға кірісті.

25 сәуірде Екібастұздағы 9 су тоғанының 3-ін өңдеу басталды. Мұнда өңдеу аумағы 10 000 гектарға дейін ұлғайтылды. Шідерті кентінде алғаш рет дезинсекция жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.

Ақсуда қалалық мердігермен АФЗ, МАЭС және мұнай базалары аудандарындағы су тоғандары өңделді.

Барлық үш қалада көпқабатты тұрғын үйлердің жертөлелеріне бастапқы өңдеу жүргізілді.

Май және Аққулы аудандарында жұмыстар 25-і мен 30-шы сәуірде басталды. Железин ауданы бойынша қазіргі уақытта өңдеуге көрсеткіштер жоқ.

Облыс әкімі жақында Ертіс жайылмасын тікұшақпен аралауы кезінде Шүлбі су қоймасынан жіберілген судың көлемін қадағалауды тапсырған болатын. Жиналыста табиғатты қорғау мақсатында жіберілген судың соңғы кезеңі атап өтілді: жоспарланған 6,2 км3-тен іс жүзінде 6,1 км3 су жіберілді. Ертістің төменгі ағысында жіберілген судың негізгі кезеңі әлі өткен жоқ, орта есеппен су деңгейінің көтерілуі тағы 40-50 см аралығында болады деп болжануда.

Май ауданы мен Аққулы ауданында өзеннің арнасына түсуі 6-8 мамырда, Павлодарда 17-18 мамырда, өңірдің солтүстік бөлігінде 22-23 мамырда деп болжануда. Алдағы 3-5 күнде су айдындарының бөлінуі күтілуде.

Шіркей дернәсілдерінің даму фенологиясы өзен арнасына түскеннен кейін басталады, шіркейлерді алғашқы өңдеу жұмыстары шамамен 16-17 мамырдан басталады.

Өңір басшысы жиналған су тоғандарында, өнеркәсіптік кәсіпорындардың суды жинайтын орындарында, сондай-ақ, Сарымсақ, Былқылдақ көлдерінде, Батырмол ауданындағы және Усолка бөгеті бұзылғаннан кейін су жиналған учаскеде сары масалардың «инкубаторларының» болуына назар аударуды тапсырды.

Сондай-ақ, облыс әкімі су тоғандарының жағасындағы шөп пен қамысты уақтылы шабуды ұйымдастыруды және шағын қазаншұңқырларды жабуды талап етті.

  • 25.06.2024
  • 95
Байханов А.

Павлодар облысының әкімі

Байханов А.
(Мұрағат)

Павлодар облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика