• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Байханов А.
Байханов А.

Павлодар облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Облыс әкімдігінде оқу жылының аяқталуы, балалардың жазғы демалысы және алдағы жылу беру маусымына дайындық мәселелері қаралды, күзгі-қысқы кезеңдегі ТҮКШ нысандарының жұмысы қорытындыланды.

Облыс әкімдігінде оқу жылының аяқталуы, балалардың жазғы демалысы және алдағы жылу беру маусымына дайындық мәселелері қаралды, күзгі-қысқы кезеңдегі ТҮКШ нысандарының жұмысы  қорытындыланды.
 
Облыстың барлық 360 мектебінде оқу 25 мамырда аяқталады. Алғаш рет 27-31 мамыр аралығында 5-8, 10 сынып оқушылары қазақ тілінен емтихан тапсырады. 9 және 11 сыныптар үшін қорытынды аттестаттау 28 мамырдан 11 маусымға дейін өтеді.
 
Биыл 9-сыныпты барлығы 10 778 оқушы аяқтайды, бұл өткен жылдан 457-ге артық. 11 сынып түлектері – 4322, бұл өткен жылмен салыстырғанда 298-ге көп.
Негізгі ҰБТ 16 мамырдан 5 шілдеге дейін USTUDY тестілеу орталығының екі пункті базасында электрондық форматта өтеді деп жоспарлануда.
 
Жазғы кезеңде 109 мыңнан астам оқушы немесе оқушылардың жалпы санының 98,5 %-ы өңірдегі демалыс пен жұмыстың әртүрлі нысандарымен қамтылады. Мемлекеттік лагерьлердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға облыстық бюджеттен 209, 8 млн. теңге бөлінді.
 
Асайын Байханов балалар мен жасөспірімдердің демалысын ұйымдастыру, сауықтыру және жұмыспен қамту мәселелері бойынша брифинг өткізіп, ата-аналардың барлық сұрақтарына жауап беруді тапсырды. Сондай-ақ, балалардың жазғы демалысы мәселелері бойынша «жедел желі» құру тапсырылды.
- Әрбір бала бақылауда болуы керек. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі тек  мемлекеттік органдардың ғана емес, ата-аналардың да қатаң бақылауында болуы тиіс, - деді өңір басшысы.
 
Сонымен қатар, жиналыста ТҮКШ нысандарының жұмысы қорытындыланды. Облыстың энергия көздерінде негізгі жабдықтың 226 рет тоқтауы тіркелді, бұл өткен қысқы кезеңмен салыстырғанда 248-ге аз. Жылу беру маусымы штаттық режимде өтті.
Алайда, тозу деңгейінің жоғары болуына байланысты электр қуатының өшуі көбейді.
 
Биыл 8 энергия блокты, 14 қазандықты, 7 турбинаны және 2 түтін құбырын жөндеу жоспарланған. Электрмен жабдықтау желілерінде 2195 км электр желілері, 791 бірлік жабдықтар жөнделеді. 33,5 км жылумен жабдықтау желілері жөнделеді.
 
Сумен жабдықтау және су бұру желілерінде 40 км желіні күрделі жөндеу және реконструкциялау жоспарланған.
 
Жылу беру маусымы басталғанға дейін 2472 көппәтерлі тұрғын үй және 1160 әлеуметтік нысан дайындалады. Ағымдағы жылдың 1 маусымына дейін ТҮКШ және әлеуметтік сала нысандарын 2024-2025 жаңа жылу беру маусымына дайындау жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітіледі.
 
Облыс әкімі 1 қыркүйекке дейін қазандықтарға, жылумен, сумен жабдықтау және су бұру желілеріне күрделі жөндеу жүргізуді, әлеуметтік сала нысандары үшін көмірдің қажетті мөлшерін сатып алуды және жеткізуді, сондай-ақ, бекітілген кестелерге сәйкес барлық нысандардың дайындығын қамтамасыз етуді тапсырды.

  • 25.06.2024
  • 148
Байханов А.

Павлодар облысының әкімі

Байханов А.
(Мұрағат)

Павлодар облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика