• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Байханов А.
Байханов А.

Павлодар облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде Павлодар облысында азаматтарды жұмыс күші артық оңтүстік өңірлерден жұмыс күші тапшы республиканың халық саны аз қоныстанған солтүстік елді мекендеріне көшіру жобасын іске асыру аясында бөлінген бюджет қаражатын жымқыру фактілерінің анықталғаны туралы ақпарат таралды.

Бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде Павлодар облысында азаматтарды жұмыс күші артық оңтүстік өңірлерден жұмыс күші тапшы республиканың халық саны аз қоныстанған солтүстік елді мекендеріне көшіру жобасын іске асыру аясында бөлінген бюджет қаражатын жымқыру фактілерінің анықталғаны туралы ақпарат таралды.

Осыған орай, түсіндірме ақпарат беруді қажет деп санаймыз.
Аталмыш жоба аясында Павлодар облысына 20 мыңға жуық қоныс аударушылар мен қандастар көшіп келді. Олардың 48% - әртүрлі біліктілігі бар еңбекке қабілетті жастағы адамдар. Келгендердің жартысы - мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балалар.

Балалардың келуі ауыл мектептеріндегі оқушылар санының көбеюіне оң әсерін тигізді, кейбір жағдайларда мектептердің жабылуының алдын алып қалды.
Мәселен, Аққулы ауданының Майқарағай ауылының мектебінде 26 бала оқыды, соңғы екі жыл ішінде мұндағы оқушылардың саны 69-ға дейін өсті. Шарбақты ауданының Шегірен ауылында оқушылар саны 70-тен 140-қа дейін өсті.

Қоныс аудару жобасын іске асыру Ақтоғай ауданының Барлыбай ауылында, Тереңкөл ауданының Жаңақұрылыс ауылында, Успен ауданының Ольгино, Белоусовка, Қаратай, Константиновка ауылдарында және т. б. оқушылар санының өсуіне әсер етті.

2017 жылдан 2023 жылға дейін жоба қоныс аударушыларға тұрғын үйді жалға алу шығындарын өтеуді көздеді. Төлем мөлшері 15-тен 30 АЕК-ке дейін болды.
2023 жылдан бастап тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін қоныс аударушыларға қаржылай көмек көрсетуге мүмкіндік беретін мемлекеттік экономикалық ұтқырлық  сертификаты енгізілді. Сертификат тұрғын үй құнының 50%, бірақ, 1160 АЕК-тен аспайтын мөлшерде беріледі.
2023 жылы өңірдің мансап орталықтары осындай 542 сертификат беріп, олар бойынша 1,9 млрд. теңге қаражат төленді.
 
Экономикалық ұтқырлық сертификаттары бойынша ақша қаражатын төлеу туралы шешімнің мемлекеттік органдардың араласуына жол берілмейтін тұрғын үйді сатып алу-сату келісім-шарты ұсынылғаннан кейін шығарылатынын атап өткен жөн.

Шынында да, өкінішке орай, қазіргі уақытта үйлерді сатушылар мен қоныс аударушылар арасында үйлердің бағасын көтеру туралы өзара келісу жағдайлары анықталуда.
Алайда, экономикалық ұтқырлық сертификаттарын беруде жұмыс органы болып табылатын мансаптық орталықтардың функционалында мұндай фактілерді анықтауға және жолын кесуге құқықтық өкілеттіктері жоқ.

Біз прокуратура органдарының қоныс аударушылардың алған бюджет қаражаттарын тексеруге араласуын құптаймыз және оларға жан-жақты қолдау көрсетеміз.
БАҚ пен әлеуметтік желілердің назарына: Павлодар облысының мемлекеттік қызметшілеріне жылжымайтын мүлікке жоғары бағаларды көрсете отырып келісім-шарттар жасасу, сертификаттарды заңсыз беру және олар бойынша жүргізілген төлемдерді жымқыруға қатысу жөнінде шағымдар жоқ екенін атап өтеміз.

  • 26.06.2024
  • 130
Байханов А.

Павлодар облысының әкімі

Байханов А.
(Мұрағат)

Павлодар облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика