- Блогтар
- Батырбеков Э.Ғ.
Батырбеков Э.Ғ.
ҚР «Ұлттық ядролық орталығы» Бас директоры
МАГАТЭ-дегі техникалық кездесулер
Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығының делегациясы МАГАТЭ-де бірқатар техникалық кездесу өткізіп, ҚР ҰЯО зерттеу реакторларының пайдаланылған ядролық отынын (ПЯО) сұйылту және кәдеге жарату технологиясын әзірлеу бойынша атқарылып жатқан жұмыстар мен қол жеткізілген нәтижелерді талқылады.
МАГАТЭ сарапшылары жұмыс сапасына, таңдап алынған шешімдердің дұрыстығына және қол жеткізілген ғылыми нәтижелерге жоғары баға берді.
Сонымен қатар делегация Австрияның радиоактивті қалдықтарды қабылдау, өңдеу және сақтау жөніндегі операторы Nuclear Engineering Seibersdorf (NES) компаниясында болып қайтты. Сапар барысында австриялық мамандар қолданатын қондырғылармен және технологиялармен, сондай-ақ радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету әдістерімен танысты.
- 26.06.2024
- 98