• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ұранхаев Н.Т.
Ұранхаев Н.Т.

Абай облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Облысымызда Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясы өтті

Бұл жолғы сессия «Бірлік, Жасампаздық, Өрлеу» деген атпен өтті. Сессия жұмысына ҚХА мүшелері, қоғамдық институттардың, этномәдени бірлестіктердің жетекшілері, Ақсақалдар кеңесінің, Аналар кеңесінің, Ардагерлер кеңесінің мүшелері және т.б. қатысты. Сессия қазақ тілін дәріптеу, мемлекеттік ұлттық саясатты іске асыру және елдегі қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету мәселелеріне арналды. 

Ассамблеяның ел бірлігін нығайтуда алар орны мен қосар үлесі көп екені белгілі. Қоғамдық келісім мен тұрақтылықтың кепілі болған саяси институттың әлі де талай игі істің бастамашысы болатынына сенімдімін. Өз кезегінде ассамблеяға мүше этномәдени орталықтар, қоғамдық институттар түрлі мәдени іс-шараларға мұрындық болып қана қоймай, волонтерлік және қайырымдылық шараларға ұйытқы болуда.

Достық үйлері Ассамблеяның маңызды бастамаларын іске асыру үшін жалпыұлттық интеграцияның қажетті алаңы және сенімді базасы бола білді. Облыста осындай бес Достық үйі, қалалар мен аудандарда ҚХА-ның көптеген қоғамдық институттары жұмыс істейді. Жыл басынан бері олардың бастамасымен 60 мыңнан аса адамды қамтыған 500-ден астам әлеуметтік маңызы бар іс-шаралар өтті. Биыл ішкі саясат басқармасының қолдауымен этномедиация орталығы мен «Жомарт Жан» орталығы өз жұмыстарын бастады. Бұл жаңа алаңдар жобаларды іске асыруға және қоғамды ынталандыруға ықпал етеді. «Мың бала» республикалық жобасы аясында өңірдегі әртүрлі этностың 12 өкілі қатысатын «Ел тірегі – тіл» облыстық байқауы өтуде. Сессия барысында қазақ тілінің маңыздылығы туралы Виктория Мокроусова сөз сөйледі. Ол қазақ тілін білмейтін қазақстандықтарды мемлекеттік тілдің дамуына өз үлестерін қосуға шақырды.

«Мен орыс отбасында дүниеге келдім, орыс мектебінде білім алдым. Бірақ өз болашағымды қазақ тілімен байланыстырдым. Бүгінгі күні Бородулиха ауданының Абай атындағы негізгі орта мектебінде қазақ тілі пәнінен сабақ беремін. Мемлекеттік тілді білу – әрбір қазақстандықтың парызы. Халқымызда «Ештен кеш жақсы» деген сөз бар. Ең бастысы, ынта болуы керек. Ниет болса, тілді үйрену қиын емес» - деді ол.

Сессия аясында Қазақстан халқы Ассамблеясының жаңа мүшелеріне куәліктер мен төсбелгілер табысталды.

  • 26.06.2024
  • 126
Ұранхаев Н.Т.

Абай облысының әкімі

Ұранхаев Н.Т.
(Мұрағат)

Абай облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика