- Блогтар
- Байханов А.
Байханов А.
Павлодар облысының әкімі
Облыс әкімі Асайын Байханов 2025-2027 жылдарға арналған бюджетті қалыптастыру бойынша жиналыс өткізді.
2025 жылға арналған облыс бюджетінің көлемі 489,2 млрд теңгені құрайды деп болжанды, оның 2023 жылмен салыстырғанда өсімі - 102,2 %. Негізгі көздер: 342,5 млрд – мұнай өнімдеріне түсетін акциздерді қоса алғанда, меншікті кірістер; 146,7 млрд - республикалық бюджеттен субвенция. Мемлекеттің негізгі әлеуметтік міндеттемелерін қаржыландыру толық көлемде қамтамасыз етілген.
Меншікті кірістер 3,3 млрд теңгеге ұлғайтылды. Облыстық бюджеттің базалық шығыстары 374,2 млрд теңге көлемінде болжанды, оның ішінде келесілерді қоса алғанда: ауыспалы 10 инвестициялық жобаға 7,8 млрд теңге, медициналық жабдықтарды сатып алуға, денсаулық сақтау нысандарын күрделі жөндеуге 14,7 млрд теңге, 5,5 млрд автожолдарды жөндеуге, «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы бойынша әлеуметтік нысандарды жөндеуге - 1,9 млрд теңге, жолдарды жөндеуге - 2,2 млрд, сондай-ақ, білім басқармасы бойынша шығыстар - 6,6 млрд теңге. Салалық басқармалармен 2025 жылы бірінші кезектегі жобалардың тізбесі пысықталды - 72,4 млрд, 2026-2027 жылдары - 49,2 млрд.
Өңір басшысы басқарма жобаларының басымдылығын ескере отырып, жаңа бастамаларға шектеулерді айқындау, сондай-ақ, облыс алдына қойылған міндеттерді, салалық министрліктердің саясатын, индикаторларға қол жеткізуді ескеру қажеттігін атап өтті.
Жиналыс қорытындысы бойынша облыс әкімі 15 маусымға дейін 2025-2027 жылдарға арналған бюджетті уақтылы және сапалы қалыптастыруды қамтамасыз етуді, көтерілген жобалар бойынша жобалау-сметалық құжаттамаларды дайындауды тапсырды.
- 26.06.2024
- 82