• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Байханов А.
Байханов А.

Павлодар облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Естай атындағы мәдениет сарайында өңір кәсіпорындарының өкілдері мен мектептердің 9 сынып түлектерінің кездесуі өтті

Әлеуметтік серіктестер, яғни, қала құраушы кәсіпорындардың өкілдерінің мектептер мен колледждердің білім алушыларымен жүздесуі TEDx форматында өтті. Түлектер үшін Startup жобаларының көрмесі, мастер-класстар, кеңестер ұйымдастырылды.

MamandyqFest іс-шарасына облыс әкімі Асайын Байханов та қатысты.
- Осы жазда өңіріміздің 15 000-нан астам түлегі үлкен өмір жолына қадам басқалы отыр. Ең бастысы - заман талабын ескеру және дұрыс таңдау жасау. Біз жаңа буынның сұраныстарын жақсы түсінеміз: бейіндік дайындық, өзекті білім, дағдыларды пысықтау мүмкіндігі. Біз сіздерді тек сөзбен ғана емес, іспен де қолдауға дайынбыз, - деді өңір басшысы негізгі мектеп түлектеріне.

Биыл колледждерде тегін оқуға мемлекеттік тапсырыс көлемі 37 %-ға немесе 6 200 орынға ұлғайды. Сырттан келген студенттер жатақханамен, тамақтанумен және жол ақысы үшін өтемақымен қамтамасыз етілген.
Осы жылдың 1 қыркүйегінен бастап стипендия тағы 50 %-ға ұлғаяды. 250 мың теңгеге дейін жалақы төленетін тәжірибе қарастырылған, бұл ретте тәжірибеден өткен кезеңі еңбек өтіліне есептеледі.

34 колледжде «Креативті индустрия» мамандықтары бойынша сертификат берілетін «Жаңа кәсіптер мен құзыреттердің өңірлік атласы» жобасы іске асырылуда. Өңір кәсіпорындарымен өзара қарым-қатынастың арқасында түлектердің 96 %-ы жұмысқа орналастырылды.
Өндірістік тәжірибені іздеу бойынша ақпараттық платформа өздігінен іздеуді автоматтандырды және көптеген адамдарға жұмыс табуға көмектесті.

Сонымен қатар, өңірде 10 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік беретін негізгі инвестициялық жобалар іске асырылуда. Мұнда жұмыс берушілермен ынтымақтастық өте маңызды рөл атқарады. Мысалы, ERG компаниясымен жасалған меморандум аясында 8 колледж техникалық және кәсіптік білім алып шығатын «Әмбебап мамандарды» даярлайды.

Іс-шара соңында Асайын Байханов «WorldSkillsPavlodar-2024» өңірлік конкурстың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсіміне қатысты. Конкурс 48 құзыреттілік бойынша өткізіліп, 243 колледж студенттері қатысты.
MamandyqFest іс-шарасы әлеуметтік серіктестердің мектеп түлектеріне бейне-үндеуімен, колледждердің табысқа жеткен түлектерінің сөз сөйлеуімен және мамандықтардың флешмобымен аяқталды.

  • 26.06.2024
  • 204
Байханов А.

Павлодар облысының әкімі

Байханов А.
(Мұрағат)

Павлодар облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика