• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Байханов А.
Байханов А.

Павлодар облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Павлодар облысының әкімдігінде көктемгі дала жұмыстарын жүргізу және мемлекеттік қолдау шаралары талқыланды

Өңір басшысы Асайын Байханов және ҚР ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровпен өткен жиналысқа қаржы институттары мен агроқұрылымдардың басшылары, сондай-ақ, облыс аудандарының әкімдері қатысты.

Жиналыс барысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес 5 жыл ішінде жалпы агроөнім көлемін 2 есеге ұлғайту және өңделген өнім үлесін 70%-ға дейін жеткізу мәселелері талқыланды.

Облыс әкімі Асайын Байханов көктемгі дала жұмыстарының барысы туралы баяндап, өткен жылғы маусымның күрделі болғанына қарамастан, биыл аграршылар егіс жұмыстарын сәтті жүргізіп жатқанын және 15 маусымға дейін аяқтайтынын атап өтті. Майлы және жемшөп дақылдарының егістік алқабын ұлғайту есебінен биыл егіс алқабы 20 мың га ұлғайтылып, 1,7 млн. га құрайды.

- Облыс 175 мың тонна көлемінде тұқыммен толық қамтамасыз етілген. 17 мыңға жуық ауыл шаруашылығы техникасы жұмылдырылды. Арзандатылған дизель отыны кестеге сәйкес жеткілікті мөлшерде жіберілуде. 27 мың тонна минералды тыңайтқыштар сатып алынды, - деді өңір басшысы.

Сондай-ақ, ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтың тапсырмасы бойынша жеңілдетілген несие көлемін ұлғайту үшін алғаш рет облыс бюджетінен 7,2 млрд. теңге бөлінді. Форвардтық сатып алу бағдарламасы бойынша «Азық-түлік корпорациясы» ҰК» АҚ арқылы 799,2 млн. теңгеге 15 өтінім қабылданып, қаралды. «Кең дала» бағдарламасы аясында 2,8 млрд. теңгеге 113 ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші қаржыландырылды. Жалпы, несиеге берілетін болжамды қаражат көлемі 4,0 млрд. теңгеден астам соманы құрайды.

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров биылғы жылдың 15 мамырынан бастап дизель отынын бөлу ережелеріне өзгерістер енгізілгенін жеткізді. Әкімдіктер мен фермерлердің өтініштері бойынша дақылдар түрлері бойынша және бір гектарға дизель отыны шығынының бірыңғай базалық нормативтері алынып тасталды. Егер бұрын дәнді дақылдар бойынша нормативтер 1 гектарға 15 литрді құраса, қазір олар орта есеппен 17-18 литрді құрайды. Бұл өзгерістер дизель отынын биылғы өнімді жинау жұмыстарына бөлу кезінде күшіне енеді.

Сондай-ақ, тыңайтқыштармен қамтамасыз ету мақсатында отандық тыңайтқыштар үшін субсидиялаудың 60%-дық ұлғайтылған нормативін көздейтін аванстық субсидиялаудың жаңа тетігі енгізілді. Сонымен қатар, отандық тыңайтқыш өндірушілермен бөліп төлеу мәселесі де пысықталды.

Биылғы жылы Үкіметпен көктемгі дала жұмыстарын қаржыландырудың барлық мәселелері шешілді.
- Өздеріңіз білетіндей, өткен жылдары аграрлық несие корпорациясының желісі бойынша тек 140 млрд. теңге бөлінетін. Биыл жеңілдетілген қаржыландыру 580 млрд. теңгені құрайды, оның ішінде 400 млрд. теңге - несие қаражатының қосымша көлемі. Бұл тетіктің жаңалығы қаржы институттарын тікелей субсидиялау болып табылады, бұл аграрларға жылдық 5 %-бен қаражат алуға мүмкіндік береді, - деді Айдарбек Сапаров.

Жиналыста «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, «Азық-түлік корпорациясы» ҰК» АҚ, «ҚазАгроҚаржы» АҚ сияқты қаржы институттарының басшылары аграршыларды қаржыландыру тетіктерін егжей-тегжейлі түсіндірді.

  • 26.06.2024
  • 169
Байханов А.

Павлодар облысының әкімі

Байханов А.
(Мұрағат)

Павлодар облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика