• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Байханов А.
Байханов А.

Павлодар облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Облыс әкімі Асайын Байханов жұмыс сапарымен Ертіс ауданына барып, көктемгі дала жұмыстарының барысын, сондай-ақ, «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасының іске асырылуын тексерді

Ауданның егістік алқабы биыл 323,7 мың га. Оның 75% астамы астыққа тиесілі - 244,5 мың га, жемшөп - 25,8 мың га, майлы дақылдар - 52,6 мың га. Зиянкестер мен арамшөптерге қарсы 216,8 мың га өңделген. Ауыл шаруашылығы техникасымен 100% қамтамасыз етілген.

Сапар барысында облыс әкімі «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасының іске асырылуын тексерді. Панфилов ауылының 6 көшесін жөндеуге республикалық бюджеттен 165,5 млн. теңге бөлінді. Облыстық бюджеттен бөлінген 507,9 млн. теңгеге Ертіс, Қызылжар, Голубовка, Северное, Ағашорын, Селеті ауылдарындағы 12 көше жөнделеді.

Қызылжар ауылында өңір басшысы бонустық трансферттер аясында жөндеу жүргізілген ұзындығы 1,7 км болатын 2 көшені тексерді.

Бұл ретте, Асайын Байханов Ақсудың шекарасынан Қараоба ауылына дейінгі жолдың сапасы нашар екенін атап өтті.
- Ақтоғай ауылынан Атамекен кентіне дейінгі жолдың жағдайы көңіл көншітпейді. Халық әкімдіктен сұрайды. Республикалық маңызы бар жолдарда авариялық жағдай туғызғаны және авариялық-қауіпті учаскелерді уақтылы жоймағаны үшін «Қазавтожол» АҚ-на қатысты шаралар қабылдау қажет, - деді облыс әкімі.

Ертіс ауылында облыс әкіміне балаларға арналған бассейннің және кезекте тұрған халықтың әлеуметтік осал топтарына, сондай-ақ, ауданға келетін мамандарға арналған 32 және 24 пәтерлі тұрғын үйлердің құрылыс жобалары таныстырылды.

Сондай-ақ, өңір басшысына Северное және Селеті ауылдарындағы мектептерді, Ертіс ауылындағы мәдениет үйін, Панфилов ауылындағы клубты жөндеу жұмыстарының барысы баяндалды. Жұмыс қарқыны мен көлемі жақсы, әлеуметтік нысандар 1 тамызға дейін тапсырылатын болады.

Өткен жылдың қараша айында облыс әкімі ауданға барған кезде 1964 жылдан бері жөндеу көрмеген, қираған ғимаратты қалпына келтіруді тапсырған болатын. Қазір мұнда балалар шығармашылығы үйі ретінде ашылатын ғимаратты реконструкциялау жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бұл балаларға арналған үшінші білім беру және демалыс орталығы болмақ, тағы екеуі Екібастұз бен Павлодар қалаларында салынуда. Нысанның шатыры, терезелері, электр сымдары, жылыту жүйелері ауыстырылды, ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде.

Асайын Байханов аудан басшылығына іске асырылып жатқан жобалардың сапасы мен мерзімдерін қадағалауды тапсырды.

Одан кейін өңір басшысы аудандағы дезинсекциялық жұмыстар туралы есепті тыңдады. Мұнда 26 сәуірден бастап жаяу өңдеу, ал, 12 мамырдан әуеден өңдеу жұмыстары басталды. Алқаптар 16 мәрте әуеден өңделді, енді 9 рет өңделетін болады.
14 мамырдан бастап жағалау бойында орналасқан 12 ауылда тосқауылды өңдеу жүргізілуде. 2 маусымнан бастап жайылмадан шіркей ұшып шықты, сондықтан, дезинсекция тәсілдері өзгеруде және күшейтілуде. Сары масалардың ұшып шығуы әлі байқалған жоқ.

- Биылғы жылы Ертістің жоғарғы ағысында орналасқан облыс аудандарында бүгінгі таңда шыбын-шіркеймен мәселе жоқ. Өзеннің төменгі ағысында орналасқан - Ертіс және Железин аудандарында тұрғындардан шағымдар бар, алайда, өткен жылы керісінше болды. Жағдайдың өрбуін болжау қиын, бірақ, біз олардың алдын алуға тырысуымыз керек, - деді облыс әкімі.

Өңір басшысы аудан басшылығына бейінді басқармамен бірлесіп жағалау бойында орналасқан ауылдардағы жағдайды бақылауды және солтүстік аудандардағы дезинсекциялық жұмыстардың көлемін ұлғайтуды тапсырды.

  • 26.06.2024
  • 192
Байханов А.

Павлодар облысының әкімі

Байханов А.
(Мұрағат)

Павлодар облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика